Сахнада Бүркіт атты бүркеншек атпен танымал әнші Айбек Жансейітов Мемлекет басшысына үндеу жолдады. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында Президенттен қазақстандықтарға карантинді жеңілдетуді сұрады. "Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізге Қазақстан азаматтары атынан үндеу жолдаймын. Елімізде карантиннің енгізілгеніне бір айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде медицина қызметкерлері адамнан вирусты тауып, емдей алайтын дәреже жетті. Біз өз тарапымыздан қалалардың түрлі аудандарына барып, халыққа азық-түлік үлестіріп көмектесіп жатырмыз. Алайда біз барлық адамға көмектесе алмаймыз. Біз аз қамтылған отбасылардың жағдайларын көріп отырмыз. Күнкөрісін күнделікті жұмыспен тауып жүрген такси жүргізушілері, тазалықшылар, даяшылар, базарды жағалаған көпшілік қиын жағдайға тап болды. Және бұған жай қарап отыру оңай емес. Соған байланысты Сізден карантинді жеңілдетіп, көптеген компания және мекемелерге жұмысын жандандыруға мүмкіндік беруді сұраймын. Әрине, олардан карантин талаптарын сақтауды талап ету керек. Бұл азаматтардың жағдайын жеңілдетеді деп білемін. Әйтпесе халық жақында коронавирустан емес, аштықтан өледі. Бұл бейбіт кезеңде бәрінен қорқынышты", - деп жазды ол. https://www.instagram.com/p/B_R39jBHpgn/