1923 жылы дүниеге келген Хәкім Құрманғалиев әскерде гвардияның аға сержанты болған. Өзі әскерге 19 жасында шақырылған. Содан Суворовтың Қызыл ту орденін иеленген 97-ші гвардиялық атқыштар дивизияға қарайтын 141 гвардиялық байланыс батальонның телеграфті-кабельді ротасының бөлім командирі атанды.
Алматы облысының азаматы Одер өзенін тездетіп өту барысындағы шайқаста ержүректік пен ептілік қасиетімен көзге түскен. Ол кезде немістер өзеннің сол жақ жағалауындағы плацдармды уысынан шығарғысы келмеді. Олар түн ортасында аяқастынан артиллериялық минометтан және пулеметтан оқ жаудырды.[caption id="attachment_38039" align="alignleft" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Оңды-солды ұшып жатқан оқтың арасынан өтіп, жағдайдың қолайсыздығына қарамай ол сол жақтан байланыс орнатқан болатын. Қарсыластың тастаған зеңбіректерінің кесірінен байланыс сымы 4 рет үзілді. Төртеуінде де Хәкім Құрманғалиев 10-15 минуттың ішінде қайта орнатқан. Сөйтіп, оң жағалаудағы плацдармнан дивизия командирінің байланысының тұрақтылығын қамтамас еткен. Соның арқасында дивизия ашық шабуылға да шығып, әскерміз Одер өзенінің сол жақ жағалауындағы плацдармды басып алды. Бұл жағдай 1945 жылдың қаңтар айның соңғы күндерінде болған. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін "Қызыл ту" және "Ұлы Отан соғысының" ІІ дәржелі ордендерімен марапатталған.