Құрманбай Құрманғазиев бұрынғы Гурьев облысының Форт-Щевченко ауданында 1920 жылы дүниеге келген. Гвардияның кіші сержанты кейіннен 218 гвардиялық полктің командирі атанды. Құрманбай Висла өзенінің батыс жағында жаудың берік қорғанысын жеңуде үлкен ерлік көрсетті. Сол үшін де «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
[caption id="attachment_38051" align="alignleft" width="521"]Ол 1945 жылдың 14 қаңтарында қаймықпастан жаяу әскер құрамының алғы шебіне шыққан. Өз пулеметімен жауға оқ жаудыра отырып, арттағы жаяу әсерге жол ашып отырды. Сол шайқаста ол бір өзі 35 неміс солдаты мен офицерін жойды. Қарсыласты қуғындау кезде де Құрманбай әрдайым алдыңғы қатардан табылатын. Алдына түскен жауды түбімен жойып салатын. Сөйтіп, біздің бөлімшелеріміздің алға тез жылжуына бірден бір үлес қосқан жан.