Ер қаруы - бес қару
Ер қаруы - бес қару
©Сурет интернеттен алынды
402
оқылды
22 жасында әскерге шақырылған Мұхтар Күйшібаев соғыста көрсеткен батырлығы мен батылдығы үшін көптеген орден-медальдармен марапатталды. Атап айтсақ, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, «Ерлігі үшін» медалін иеленді. Ол майдан алаңында аға сержант әрі 218 атқыштар полкінің қару-жарақ тобының командирі болды. Жаудың бекінген қорғанысына шабуыл жасағанда қаһармандық танытты. [caption id="attachment_38097" align="alignright" width="425"] width= © Сурет интернеттен алынды[/caption]

Әсіресе, Нованың маңайында орналасқан Висла өзенінің сол жақ жағалауындағы плацдармды басып алуда. Ұрыс кезінде жау танкіге қарсы тұратын зеңбірекпен ашық айқасқа шықты. Сөйтіп 5-ші атқыштар ротасының оң жақ қапталын толассыз оқ жаудырған. Соның кесірінен біздің жаяу әскеріміздің алға жылжуына бөгет етті.

Сол кезде Мұхтар Күйшібаев өзінің пулеметімен ар жақ қатпалынан шығып, жаудың зеңбірегін жойып жіберді.   Бұл қадам біздің жаяу әскеріміздің алға жылжуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар жаудың қорғанысынан өтіп, Нова ауылын басып алуына ықпал етті.  width=Осы жағдайдан соң, оған жаяу әскердің жүріп отыруына жол ашу тапсырылды. Бұл жолғы шайқас – Зваленъ қаласын басып алу. 1945 жылдың 15 қаңтардың түн ортасында Мұхтар 5-атқыштар ротасымен бірге сол жаққа бағыттады. Қалаға жақындаған ол, ғимараттар мен үйдің төбелерінде алдын-ала орнатылған пулеметтік ұяшықтардан толассыз оқ атып, жауды састырып тастады. Осы сәтті қолайлы пайдалана білген командир   қорықпастан алдыға түсіп,  ашықтан-ашық шайқасқа шықты. Өзінің қауіпсіздігіне қарамаған ол, бүкіл шабуылды  өзіне алды.  Нәтижесінде, жаудың бес пулеметін құлатып, зеңбіректермен олардың негізгі қаруын істен шығарды. Бір өзі немістің 50-ден астам сарбазы мен офицерін жойды. Бұл – жаяу әскеріміздің алға жылжуына мүмкіндік берді. Сөйтіп, әскеріміз қаланы басып кірген болатын.