Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.
18 шілдеде орта салмақта WBA (Super) мен WBC (Franchise) және екінші орта салмақта WBA (Regular) титулының иегері 30 жасқа толады.
Бокс - бұл өмірім. Денем жекпе-жекті аңсайды. Кездесу жоспарланса да, жоспарланбаса да, жаттығу жасаймын. Себебі бұл істі жақсы көремін. "Зейнетте" не істеймін? Өзімді бизнеске арнап, күн сайын гольф ойнаймын", - деді Альварес Box Azteca-ға берген сұхбатында.
Еске салайық, Альварес кәсіпқой боксқа 2005 жылы қазанда 15 жасында келген. Соңғы 15 жыл ішінде ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болды.