Елордада қайта жұмыс істей бастаған кәсіпорындар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауда
Елордада қайта жұмыс істей бастаған кәсіпорындар қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауда
© astana.gov.kz
109
оқылды
Қайта ашылған кәсіпорындарда жеке және қоғамдық тазалық шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Ірі панельді және каркас-жинақтау құрылысы үшін темір-бетон бұйымдарын шығаратын «GLB» ЖШС-ның басқарушы директоры Эльдар Қасымовтың айтуынша, кәсіпорында инфекционист-дәрігерлер кезекшілік етеді. Оның айтуынша, қызметкерлерді жеткізу қызметі ұйымдастырылған. Ол үшін арнайы алты автобус бөлінген. Автобустарға күн сайын дезинфекция жасалады. «Кәсіпорынға кіреберісте әр қызметкердің дене қызуы өлшенеді. Барлық қызметкерге бетперде мен қолғап беріледі. Бақылау пунктіне кіреберісте антисептикалық сұйықтық қойылған. Зауыт аумағында, яғни әр қабат пен әр өндірістік ғимаратта 2-3-тен орнатылған 24 дозатор бар. Сондай-ақ біз дезинфекциялық ұйыммен келісім жасастық. Сол арқылы киім ауыстыратын, жуынатын бөлмелер мен кеңсе және асханаға дезинфекция жасалады. Күн сайын ауысымнан кейін екі мың шаршы метрден астам жерге тазалық жұмысын жүргіземіз», - дейді Э.Қасымов. Мұндай қауіпсіздік шараларын «Лашын фактор» ЖШС-де жүргізеді. Маркетинг директоры Асыл Ахметованың айтуынша, жұмысқа қайта кірісер алдында зауытқа толықтай дезинфекция жасалған. Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 20 сәуірден бастап бірқатар кәсіпорын жұмысын бастады. Атап айтсақ: - құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері; - көлік, қойма, ауылшаруашылық қызмет көрсететін компаниялар; - автосалондар, қызмет көрсету станциялары, автожуу, шиналарға қызмет көрсету, авто бөлшектер сататын дүкендер, химиялық тазалау, кеңсе техникаларын жөндеу. Екінші деңгейлі банктерде штаттық құрамның 50%-на сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін рұқсат етілсе, нотариустар алдын-ала жазылу бойынша жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындары тек өзімен алып кету және жеткізу қызметі бойынша 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=qUcM4VEaelY&feature=emb_logo