COVID-19: Алматыда қайтыс болған науқасқа жансақтау бөлімінде қандай ем қолданғаны белгілі болды  
COVID-19: Алматыда қайтыс болған науқасқа жансақтау бөлімінде қандай ем қолданғаны белгілі болды  
Фото: Интернеттен алынды
299
оқылды
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, коронавирустан қайтыс болған науқастың басқа да аурулары болған. Науқас 1964 жылы туған. Одан коронавирус 17 сәуірде анықталған. Қосымша созылмалы бүйрек ауруы, ренальді анемия, созылмалы қызыл жегісі, қант диабеті, екі жақты полисегментарлы пневмониясы бар екені анықталған. 22 сәуірде жүргізілген инвазивті емес жасанды тынс алдыру тиімсіз болғандықтан инвазивті ӨЖЖ-ге ауыстырылды. Сондай-ақ, бағдарламалық гемодиализ емін алды. Бүгін жүргізілген емге қарамастан, полиорган жетіспеушілігінің белгілері өршіп, сағат 06:30-да қан айналымы тоқтады. 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық іс-шаралар сәтті болмады. Сағат 07:00-де биологиялық өлім тіркелді. Науқас COVID-19 және жоғарыда аталған дертінің асқынғандықтан көз жұмды.