Айтқанынан қайтпаған ер
Айтқанынан қайтпаған ер
© Сурет интернеттен алынды
Есқали Мұқанов - Ұлы Отан соғысында ауыр жарақатына қарамастан, соңына дейін шайқасқан жан.
Ол дүниеге 1923 жылы келге. Гвардияның аға сержанты ІІ дәрежелі Богдан Хмельницкийдің орденін иеленген 22-ші гвардиялық атқыштар батальонның ішіндегі взвод командирі болған.
Плацдарм үшін қанды соғыста ол өзінің ержүректігін көрсетті. Бұл ұрыс - Висла өзенінің сол жақ жағалауында болған. [caption id="attachment_35894" align="alignnone" width="1024"]соғыс © Сурет интернеттен алынды[/caption] Есқали Мұқанов қарсыластың шабуылына тойтарыс бере отырып, олардың 150-ге жуық сарбазын мен 3 танкісін құртты. Ал 1944-жылдың тамыздың 7-нен 8-не қараған түні аяқасты жағасынан алған жауға қарсы тұрған.

Әскеріне жауға оқ атуын тоқтатпауын тапсырып, өзі ашық шабуылға шыққан. Сол кезде ауыр жарақат алды. Ол оған да бой бермеген. Жауға бекіністі бермей, сақтап қала алды.  Осы ерліктің құрметіне оған "Қызыл жұлдыз" ордені екі рет, ІІІ деңгейлі "Даңқ" ордені берілді.