Қаруланған 19 адам Ақсуда туған күн тойламақ болған кезде ұсталды
Қаруланған 19 адам Ақсуда туған күн тойламақ болған кезде ұсталды
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Алматы облысында туған күн тойламақ болған 19 адамды ұстады. Олардан тапанша мен шолақ мылтықтар тәркіленді.  «Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлеріне «Ақсу ауданында атыс қаруы бар бір топ адам жиналады» деген ақпарат түсті. Қапал аулының шетінде орналасқан Кіші Шымбұлақ елді мекенінде бес автокөлікпен келген 19 адам ұсталды. Аталған тұлғалар туған күн тойлау үшін жиналған» делінген ресми хабарламада. Toyota Camry және Lexus автокөліктерін тінту барысында облыс орталығының тұрғынына тиесілі 4 травматикалық тапанша, бір шолақ мылтық және 43 патрон табылды. Қару-жарақты заңсыз сақтау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Ұсталған 19 адамға қатысты карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша соттың қарауында болады. Қаруы тәркіленген төрт адам уақытша қамау изоляторына қамалды.