Ауруханадан қашуды жоспарлаған тараздық ажал құшты
Ауруханадан қашуды жоспарлаған тараздық ажал құшты
169
оқылды
Тараз қаласында коронавирус инфекциясы күдігімен жатқан азамат ауруханадан қашпақ болып ажал құшты. Дәрігерлердің айтқанына бағынғысы келмеген тұрғын аурухананың терезесінен төмен түспек болып, абайсызда құлап кеткен. Облыстық полиция департаменті берген ақпаратқа сүйенсек, 21 сәуір күні полиция басқармасының жедел басқару орталығының провизорлық стационарына мас күйінде азамат жеткізілген. Ол «Ауыл-Береке» базарының маңында есін білмей жатқан күйі табылған. Медицина мамандары тұрғынның дене температурасын тексергенде, 38 градустан жоғары көрсеткен. Дәрігерлер бірден коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен азаматтан қажетті сынамалар алып, ауруханаға жатқызған. Алайда 22 сәуір күні есін жиған науқас емдеу мекемесінен қашпақ болып терезе жағалауына шыққанымен, абайсызда қолы тайып кетіп асфальтқа құлап, мерт болған. 42 жастағы азамат бұған дейін сотталған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін «созылмалы алкоголизм» диагнозымен наркологиялық есепте тұрған. Алайда оның сынамаларынан коронавирус инфекциясы табылмады.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы