«Шаруагерден – дәрігерге» – атыраулық фермерлер ақ халатты жандарға азық-түлік таратты
«Шаруагерден – дәрігерге» – атыраулық фермерлер ақ халатты жандарға азық-түлік таратты
178
оқылды
Індет жағадан алғанда, онымен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге моральдық-материалдық қолдау көрсету азаматтық парыз. Атырауда шаруашылық иелері қаламыздағы жеті медициналық мекемеге азық-түлік жеткізіп, еңбектеріне сәттілік тіледі. Қайырымдылық негізінде жергілікті шаруа қожалықтары ауруханаға ет, көкөністер мен жеміс-жидектер жеткізіп беруде. Атырау облыстық фермерлер одағы коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуге шешім қабылдады. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкерлердің бірі – медициналық мекемелерге жалпы сомасы 1 млн теңге болатын қой етін жеткізді. Өз кезегінде шаруа қожалықтары жемістер, көкөністер мен сүт өнімдерін әкелді. фермер – Біз фермерлермен бірге картоп, пияз, қырыққабат, алма сияқты бірнеше өнім түрінен азық-түлік жиынтығын жасап, 7 медициналық мекемедегі дәрігерлерге беруге шешім қабылдадық. Бұл бір рет қана жасалатын ісіміз емес, бұдан әрі де осы бастамамызды жалғастыру жоспарымызда бар. Онымен қоса, көптеген фермер облыстық денсаулық сақтау басқармасына өз ұсыныстарын жолдады. Дәрігерлеріміз қолдаусыз қалмайды, – деді облыстық Фермерлер одағы төрағасының орынбасары Нұртас Байжанов. Дәрігерлердің айтуынша, жергілікті фермерлердің көмегі моральдық қолдау ғана емес, сонымен бірге дұрыс тамақтануға септігін тигізеді. Айта кетейік, азық-түлік жиынтығы – шұбат, қаймақ және жергілікті жерде өндірілген көкөністер секілді жүз пайыз экологиялық өнімдерден тұрады.

Тұрсын Жұмабекқызы, Атырау облысы.

азық-түлік