Шымкент кафелерінің бірінде тамақтанып отырған полицей жұмыстан босатылды

Шымкент кафелерінің бірінде тамақтанып отырған полицей жұмыстан босатылды

Кеше әлеуметтік желіде  қаладағы карантин жағдайына қарамастан Шымкент қаласы кафелерінің бірінің жұмыс істеп тұрғаны туралы бейнетүсірілім тараған болатын. Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бүгін ол туралы нақты хабарлама таратты. Абай ауданы әкімдігі мен полиция қызметкерлері жүргізген рейдтік шара кезінде Желтоқсан көшесінде орналасқан «Сарыарқа» дәмханасының төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан жұмыс істеп тұрғаны белгілі болған. Сорақысы сол, аталған дәмхана ішінде тамақтанып отырған Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкері ұсталған. Баспасөз қызметінің хабарлауынша бүгінгі таңда осындай өрескел заңсыздыққа барған құзырлы орган қызметкері атқарып отырған лауазымынан босатылыпты. Ал, дәмхана иесіне әкімшілік шара қолдану үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.

Н. НАЗАРБЕК.