«Шығынсыз кеш» мектеп бітірушілер бастама көтерді
«Шығынсыз кеш» мектеп бітірушілер  бастама көтерді

Биыл соңғы қоңырау салтанаты Рамазан айына орай келіп отыр. Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір жақсылық сауапты іске ұласатынын көңілге түйген мектеп түлектері мектеп бітіру кешін шығынсыз өткізіп, сауапты іс жасауды қолға алды.

Түлектер мектеп бітіру ке­ші­нен, қымбат көлік пен киімнен бас тартып, құр­дас­тарын игі іс жасауға ша­­қырып отыр. Тараз қаласында 60 орта мек­теп болса, соның 20-сының тү­лектері сал­танатты кештерден бас тартты. Атап айт­қанда, об­лыс орталығын­да­ғы №3, 4, 8, 10, 11, 16, 17, 20, 22, 23, 25, 27, 29, 34, 35, 37, 40, 57, 59, 60 мектеп түлек­тері үн­деу тастап, бірін-бірі қолдай кетті.

– Осы шараны ауқымды етіп, көпшілікке насихаттау бары­сында «Көне Тараз» кеше­нінде «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында қала­лық білім бөлімі мен «Адал ұр­пақ» клубтарының ұйымдас­тыруымен мектеп бітіруші тү­лектер арасында «Шығынсыз кеш» атты акция өтті.

Шараға қатысушылар об­лысымыздың барлық мектебін аталған акцияға қолдау біл­діруге шақырып, үндеу тастап отыр. Түлектер қаржыны әлеу­мет­тік аз қамтамасыз етілген отба­сы­лар мен мү­гедек жан­дарға жұм­сау­ды мұрат еткен. Сондай-ақ бұл бастамаға аудан мектеп­те­рінің түлектері де үн қосуда, –дейді Тараз қалалық білім бө­лі­мі­­нің басшысы Мүбәрәк Жинақбаева.