ШҚО-да орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатыр
ШҚО-да орман өртін тікұшақпен сөндіріп жатыр
© Сурет ғаламтордан
"Семей орманы" резерватының аумағындағы өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр. ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шамамен 300 гектарға таралды деп болжануда. Күндіз 100 гектар аумаққа жайылды деген ақпарат айтылған болатын. [caption id="attachment_38339" align="alignnone" width="740"] width= © Сурет ғаламтордан[/caption] Қазіргі уақытта қызыл жалынмен күреске облыстың ТЖД, "Семей орманы" МОТР, жергілікті атқарушы органдардың 190-нан астам қызметкерлері мен 45-тен астам техникасы жұмылдырылды. Ми-8 тікұшағымен екі рет жалпы салмағы бес тонна су төгілді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өрт кезінде желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жететінін айтты. 23 сәуір күні сағат 15.00-де "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының  Долон филиалына қарасты Байдаулет орманшылығының аумағында орман өрті басталды.