"Семей орманы" резерватының аумағындағы өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр. ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шамамен 300 гектарға таралды деп болжануда. Күндіз 100 гектар аумаққа жайылды деген ақпарат айтылған болатын. [caption id="attachment_38339" align="alignnone" > © Сурет ғаламтордан[/caption] Қазіргі уақытта қызыл жалынмен күреске облыстың ТЖД, "Семей орманы" МОТР, жергілікті атқарушы органдардың 190-нан астам қызметкерлері мен 45-тен астам техникасы жұмылдырылды. Ми-8 тікұшағымен екі рет жалпы салмағы бес тонна су төгілді. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өрт кезінде желдің жылдамдығы секундына 20-25 метрге жететінін айтты. 23 сәуір күні сағат 15.00-де "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Долон филиалына қарасты Байдаулет орманшылығының аумағында орман өрті басталды.