ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов дәрігерлерді жұмыстан заңсыз шеттететін медицина ұйымдарын сынға алды.
«Кей өңірлер (Қарағанды облысы) мен медициналық ұйымдардың (Ақмола, Павлодар облыстары) өз шешімдерімен 14+14 кестесін бекіткен. Яғни, психологиялық және эмоционалдық жүктеме, дерт жұқтыру қаупін ескере отырып, 14 күн жұмыс істеген мамандарды 14 күн карантинге жібереді. Мұндай жағдайда Денсаулық сақтау министрлігі медицина мамандарының демалуы үшін қауіпсіз жағдай жасауды талап етеді. Көптеген өңірлерде мамандар инфекциялық ауруханада түнемейді, қолайлы қонақүйлерге кетеді. Бұл үшін өңір әкімдеріне алғыс айтамын», - деп жазды Е. Біртанов