Мемлекет басшысы құттықтады
Мемлекет басшысы құттықтады
161
оқылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ша­хи­мар­дан Әбіловтің 70 жасқа толған мерейтойына орай құт­тық­тау хатын жолдады. Бұл туралы Мемлекет бас­шы­сы­ның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақ­ша­сында жазды. «Сіз әлемдік және отандық клас­с­иктердің шығармаларын өзі­ңізге тән шеберлікпен орын­­дап, өнер жолындағы биік белестерді бағындырып, жұртшылықтың ыстық ықыласы мен шынайы құрметіне бөленіп келе жатқан шығармашылық иесісіз. Опера әншісі ретінде өзіңіз­дің дара дауысыңыз бен орын­дау­шылық шеберлігіңіз арқылы ұлы Абайдың ән мұрасының терең иірімдерін өнерсүйер қауым­ға жеткіздіңіз. Ұлағатты ұстаз ретінде жастардың қабілет көзін ашып, биіктерге самғауына қосқан үлесіңіз де өз алдына бір төбе», – деп Мемлекет басшысы құт­тықтаухатында атап өтті. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтой иесіне зор ден­сау­лық, ұзақ та бақытты ғұмыр, сон­дай-ақ отбасына амандық пен игіліктер тілеп, алғысын жол­дады.