Қазақстанда коронавирустан тағы 1 адам көз жұмды Ол - 1968 жылғы науқас Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғыны. Қазақстанда COVID-19-дың кесірінен барлығы 21 адам қайтыс болды. 20 сәуірде Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызылды. Ауруханаға түскен кезде, науқастың ауыр жағдайына байланысты, ӨЖЖ аппаратына қосылды. Науқаста дилатациялық кардиомиопатия, жүрекше фибрилляциясы, артериялық гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті сияқты ілеспе аурулары болды. Емдеу хаттамаларына сәйкес, науқасқа барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілді. Бірнеше рет республикалық мамандармен кеңес өткізілді. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 23 сәуірде сағат 20:30-да науқас қайтыс болды. Науқаспен байланыста болған барлық азаматтар оқшауланып, карантинге алынды. Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 сәуірдің 22:40 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 38 адам тіркелді. Оның ішінде Алматы облысында -1, Ақтөбе облысында – 12, Нұр-Сұлтан қаласында – 5, Жамбыл облысында – 10, Қызылорда облысында – 2, Павлодар облысында – 8 Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 428 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында – 103 адам, Ақмола облысында – 83 адам, Атырау облысында – 82 адам, Жамбыл облысында – 98 адам, Шымкент қаласында – 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 15 адам, Алматы облысында – 69 адам, Ақтөбе облысында – 55 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 30 адам, Павлодар облысында – 58 адам, Маңғыстау облысында – 19 адам, Қызылорда облысында – 161 адам, Батыс Қазақстан облысында – 86 адам, Түркістан облысында – 77 адам, Қостанай облысында – 36 адам, жалпы 2289 науқас тіркелді.