Фермерлерге 70 миллиард теңге таратылды
Фермерлерге 70 миллиард теңге таратылды
129
оқылды
Көктемгі дала жұмыс­тары­на деп бөлінген 70 млрд теңге толы­ғымен шаруаларға тара­тылып берілді. Бұл – жыл сайын­ғы қаражаттан 10 млрд теңгеге артық ақша. Тө­тенше жағдай кезінде мем­лекет тарапынан қарас­­тырылған қаржының не­гізгі операторы – «Аграрлық не­сие корпорациясы». Биыл «Кең дала» несие бағ­дар­ламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға төмендетіліп, бекітілді. Бұрын оның мөлшерлемесі 7% болатын. «Жеңілдетілген несие түрінде қара­жат қазірдің өзінде ел фер­мер­леріне жетті. Корпорация тө­тен­ше жағдай мен карантиндік ша­ра­лардың шектеулеріне қара­мастан, 35 жұмыс күнінің ішін­де, яғни 2 наурыз бен 21 сәуір ара­лығында 2 400 фермерді қажетті қара­жатпен қамтамасыз етті», – деп мәлімдеді Aiqyn газетіне бер­ген жауабында «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев. Аталған бюджеттік несие­лен­діру 3 млн 50 мың гектар ал­қапты қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының 27 түрі егіледі. Оның ішінде егін түрлерінің басым бөлігінде дәстүрлі түрде бидай (2,2 млн га), арпа (289 мың га), зығыр (165,5 мың га) және басқалары бар.    width= «Аграрлық несие корпора­циясы» АҚ Басқарма төрағасы Бағ­лан Құлтаевтың айтуынша, қа­­зіргі уақытта корпорацияның өңір­­лердегі филиалдары қашықтан жұ­­мыс істеу арқылы бюджеттік не­­сиені шаруаға жылдам жет­кізіп жа­тыр. Оған бизнес-процес­терді автомат­тандыру және оң­тай­лан­дыру бойын­ша қабылданған шара­лар ық­пал еткен. Яғни, фермер ұсынатын құжаттар тізбесі 16-дан 12-ге қысқарып, өтінішті қарау 30 күннен 10 жұмыс күніне дейін азайтылды. Ал кепілге бұрынғыдай тек жылжымайтын мүлік емес, ауыл шаруашылығы техникалары, ша­руа­ның қорасындағы малы және басқа да кепілзат түрі қабылданбақ. Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурызда ха­лыққа жасаған үндеуінде «Қара­пайым заттар экономикасы» бағ­дарламасы арқылы көктемгі дала жұмыстарына деп қосымша 100 млрд теңге бөліне­тінін айтқан. Бұл қаржы да агрө­нер­кәсіп ке­шені субьектілері үшін қол­же­тім­ді болмақ. «Аграрлық не­сие кор­порациясы» арқы­лы бері­летін несиенің мөлшер­ле­месі 6%-дан ас­пайды. Соны­мен қатар бағдарлама бойын­ша несие беру барлық ауыл­шаруа­­шылық дақылдары үшін қол­­жетімді, сонымен қатар несие серік­тестіктері арқылы қаржы­лан­дыру да көзделген.
Фермерлер үшін жасалған та­ғы бір маңызды қадам. Төтенше жағ­дайға байланысты бұрын ал­ған несиесін қайтара алмай жат­қандардың мәселесі қайта қаралу­да. Бүгінге дейін «Аграрлық несие кор­­по­­рациясы» атына 110 қарыз алушы­­ның атынан өтініш түс­кен. Олар­дың берешегі 6,5 млрд тең­ге­ден астам. «Әрбір өтініш жеке қарас­­ты­рылады. Төлемдерді кейін­ге ше­геруді ұсыну ереже­ле­ріне сәй­кес, жария­­ланған ТЖ ре­жимі сал­да­­рынан кәсіп­кердің қаржы жағ­дайының нашар­лауы анық­талған клиент­тің өтініш­тері ғана мақұл­данады. Атап айт­қанда, сатылған тауар­лар немесе қыз­­меттер көлемі­нің азаюы, өнім сатып алушы­ла­рының төлем мерзімдерін тоқтатуы, мерзімінің өзгеруі және тағы бас­қа. Сонымен қатар пандемияға байланысты ен­гізілген шектеулерге бай­ла­ныс­ты корпорация өз қарыз алу­шыларына қатысты өсім мен айып­­пұл есептеулерін де тоқтатты» – деп атап өтті «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бағлан Құлтаев.
Бұл жұмыстар Мемлекет бас­шысының агроөнеркәсіп иелерінің несие жүктемесін төмендетуге байланысты берген тапсырмасына орай жүргізіліп жатыр. Яғни, 2020 жылдың 16 наурызынан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдерді кейінге шегеру үшін фермер корпорацияға қаржылық жағдайының нашарлығын рас­тайтын құжаттарымен қоса өтініш жазуы керек. Электронды пошта немесе мессенджер арқылы жол­данған өтінішті қарау 7 жұмыс күні ішінде жасалуы тиіс.  

 width=   Бауыржан БАЗАР