Қазақстанда тағы бір науқас көз жұмды. Ол 1957 жылы дүниеге келген. Барлығы 22 адам қайтыс болды. Соңғы мәлімет бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 45 жағдай тіркелді. Алматы қаласы – 8, Қостанай облысы – 2, Нұр– Сұлтан қаласы – 5, Павлодар облысы – 4, Шымкент қаласы – 6, Түркістан облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 2, Ақмола облысы – 2, Маңғыстау облысы – 1, Қарағанды облысы – 5. Қазақстан бойынша барлығы 2344 жағдай.