Әйелдер мен жастар квотаға қол жеткізді
Әйелдер мен жастар квотаға қол жеткізді
Қазақстанда әйелдер мен жастардың саяси жүйедегі мәртебесі заң жүзінде күшейтіліп жатыр. Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы Нұрлан Нығма­ту­лин «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау туралы» заң­намаға түзету енгізетін заң жобаларына осындай баға берді. Бұл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде пы­сықтап барып, Парламентке енгізілген кезекті жобалар. Жалпы отырыста Мәжіліс де­путаттары «Қазақстандағы сай­лау туралы» консти­ту­ция­лық заңына толықтырулар ен­­гізу туралы» конституциялық заң жо­басын және «Саяси пар­тия­лар туралы» заңға өзгеріс пен то­лық­тырулар енгізу тура­лы» заң жо­басын мақұлдап, Се­­натқа жол­дады. Жобалар Пре­зидент Қ.То­қаев­тың Ұлт­тық кеңестің екінші отыры­сын­­да берген тап­сырмаларына сәйкес әзірленді. Спикердің байламынша, өзара үндес қос құжаттың жаңа нормалары, біріншіден, әйел­дер мен жас ұрпақ өкілдерінің саясатқа белсенді ден қоюын ынталандырады, екіншіден, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға үлкен ықпал етеді. Нұрлан Зай­роллаұлы осылайша Мемлекет басшысының саяси бас­та­ма­лары заң жүзінде іске асы­ры­лып отыр­ғанын айта келіп, заң жо­­ба­сындағы негізгі жаңа­лық­тарға тоқталды. Алдағы пар­ла­менттік сайлауға түсетін бар­лық партия­ның төл партиялық тізімі кем дегенде 30 пайызға әйел­дер мен жастардан тұруы қа­жет. Егер заңмен бекітіліп отыр­ған осы 30% квота орындал­ма­са, партиялық тізім қабылдан­бай­ды. Бұған қоса, саяси партия­лар­­ды тіркеудегі кедергі тө­мен­детіл­ді: яғни, елімізде жаңа пар­тия құру үшін бұрынғыдай 40 мың емес, енді 20 мың мүше тап­са жеткілікті болады. – Бұл нормалар әйелдер мен жастардың саясатқа бел­сен­ді тартылуын ынталан­ды­рып қана қоймай, сондай-ақ Қа­зақстан­ның қолданыстағы бү­кіл саяси жүйесін модер­ни­за­циялауға соны серпін береді, – деп түйді Н.Нығматулин. Әділет министрі Марат Бе­ке­таевтың түсіндіруінше, билік осы заңнамалық өзгерістер ар­­қы­лы партияларды әртүрлі әлеу­­меттік топтармен белсен­дірек жұмыс істеуге және өз қыз­ме­тінде олардың мүддесін ес­керуге итермелейді. Соны­мен қатар тең­дік қағидатында көп­партиялы жүйені қалып­тас­тыру үшін, мемлекеттік ше­­шімдерді түзуге және қа­был­­дауға партиялардың про­порционалды қатысуына мүм­кіндік беру үшін сапалы жаңа жағдай жасалмақ. Мәжіліс мемлекеттік тұр­ғын үй операторларының са­нын қыс­қартатын заң жобасын екі­н­ші оқылымда құптап, жо­ғарғы палатаға жіберді. Депутаттар пандемияға қа­тыс­ты жаңа заң жобасын жұ­мыс­қа қабылдап алды. Мы­са­лы, келіп түскен құжаттар ара­­­­сында «Кейбір заңнамалық ак­тілерге төтенше жағдай мә­се­лелері бо­йынша өзгерістер ен­гізу туралы» жоба бар. Ол ел Пре­зидентінің әлеуметтік-эко­номикалық тұ­рақ­тылықты қам­тамасыз ету ша­ралары ту­ралы Жарлығына бай­ланысты әзірленді. Дағда­рысқа қарсы бұл құжат құқықтық реттеуді кеңейту арқылы әлеу­меттік-эко­номикалық тұрақ­ты­лықты жә­не ұлттық қауіпсіздікті сақ­тауға мүмкіндік беретін кө­рі­неді. Жиын соңында депутаттық сауал­дар жарияланды. Онда қа­лаулылар медицина қызмет­керлерін қолдау және санэпи­демиологтарды даярлау бойын­ша ұйымдастырушылық, ақпа­раттық шаралар кешенін қа­был­дауды; қашықтан оқы­ту­дың келешегін анықтауды; отан­­дық өнеркәсіпті дамы­ту­ды; өңірлік әлеуметтік-кәсіп­кер­лік корпо­ра­циялардың мүм­­кіндігін пай­далана отырып өнім­­дерді фор­вардтық сатып алу­ды ендіруді; құрылыс ма­те­риалдары мен дайын құрылыс нысандарының ең жоғарғы, шекті бағаларын мемлекеттік бекітуді ұсынды.  

Айхан ШӘРІП