Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Бесқарағайдағы өртті сөндіретін болды
Әлемдегі ең үлкен тікұшақ Бесқарағайдағы өртті сөндіретін болды
Фото: Интернеттен алынды
195
оқылды
Шығыс Қазақстан облысына бүгін сағат 07:45-те Көкшетаудан өрт сөндіру үшін ең үлкен тікұшақ ұшып шықты. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, су таситын құрылғысы бар МИ-26Т Шығыс Қазақстан облысының Бесқарайғай ауданындағы орман өртін сөндіруге жұмылдырылмақ. Тікұшақ бір мезгілде 10 тонна су шаша алады. Оның үстіне ұшақта Көкшетау гарнизонының жеке құрамының 30 өкілі бар. Олар да өрт сөндіру жұмыстарына атсалысады. Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы аумағындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында қарағайлар өртеніп жатыр.