Партия мәселелерді оңтайлы шешуге кірісті
Партия мәселелерді оңтайлы шешуге кірісті
129
оқылды
Nur Otan партиясының Түркістан облыстық фи­лиа­лы өңір тұрғындарына ар­нап тікелей эфир ұйымдас­тырды. Партия филиалы­ның Facebook және Instagram әлеуметтік желіле­ріндегі ресми парақша­ла­рында жұртшылық мем­лекет және облыс әкім­дік­тері тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер мен пар­тияның #BizBirgemiz ак­циясы туралы мағлұмат алып, өздерін мазалаған сұ­рақтарын қойды. Олардың сауалдарына Nur Otan партиясы Түркістан облыс­тық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметттік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мен Түркістан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеумет­тік сақтандыру қоры» АҚ филиа­лы директорының міндетін ат­қарушы Дәурен Байырбеков жауап берді. 20 сәуірде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев өзі тікелей эфир өткі­зіп, оны 1 500-ден астам адам кө­ріп, 100-ден астам сұрақ жол­дан­ған болатын. Тұрғындардың өті­ніш­тері назарға алынып, бір­қата­рына жауап берілді. Әсіресе, 42 500 теңгені алу, әлеуметтік көмектерге қатысты сұрақтар көп болды. Со­ған байланысты партия филиалы осы салаға жауапты мекемелердің басшыларын ар­найы шақырып, тұрғындармен онлайн жүздестірді. Кезекті эфир барысында пар­тия филиалының ресми Facebook және Instagram парақшалары мен аккаунтына 200-ден астам сұрақ қойылып, 70-тен астам желі қол­данушысы өз парақшаларына бөлісті. Эфирді 2 мыңға жуық адам тамашалап, мағлұмат алды. Сұрақтардың басым бөлігі мемле­кет тарапынан берілетін әлеу­меттік көмектер, 42 500 жәрдема­қысы және #BizBirgemiz акциясы аясындағы азық-түлік және 50 мың теңге көмек туралы болды. Атаулы әлеуметтік көмек алу, жәрдемақыларға құжат тапсыру мәселелері бойынша да шағымдар болды. Спикерлер тұрғындардың сұрақтарына сол мезетте жауап берсе, бірқатарының мәліметі алынып, тиісті жұмыс жүргізіледі. Тұрғындар онлайн қоғамдық қа­былдау өткізуге мұрындық болған партия филиалына ризашылығын білдірді. Көмек алып үлгерген аза­маттар да алғыс айтып жатты. Жалпы, Түркістан облысында Президенттің тапсырмасы бо­йынша тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны 430 мыңнан астам тұрғын алып үлгерген. Бірқатары енді алмақ. 2020 жылдың 1 тоқсанының қо­рытындысы бойынша 1-6 жас аралығындағы 25 125 балаға 319, 2 млн теңге азық-түлік және ги­гие­налық топтамасы берілді. Об­лыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны – 19, 8 мың отбасы немесе 111, 9 мың адам. Ал Nur Otan партиясының #BizBirgemiz акциясы бойынша 8 236 отбасыға азық-түлік жеткі­зілген. Бұл ретте өңірдің кәсіпкер­лері мен мәслихат депутаттары, ерікті жастар, аудан әкімдіктері, жасотандықтар және партия өкіл­дері айрықша белсенділік та­нытуда. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қоғамдық қоры арқылы Түркістан қаласының 4 903 тұрғынына 50 мың теңгеден аударылған. 16 наурыз бен 20 сәуір аралы­ғында партия филиалына 3 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Оның 1 772-сі оңтайлы шешілді. Пар­тияның ресми парақшалары мен қоғамдық қабылдау бөлмелері тұрғындардың талап-тілегін он­лайн түрде қабылдап жатыр. Ал­дағы уақытта Nur Otan пар­тия­сының Түркістан облыстық филиалының ресми парақ­ша­ларында тұрғындар тарапынан сұрақ көп түсетін басқарма бас­шылары шақырылып, олар он­лайн қоғамдық қабылдау өткізіп тұрады деген жоспар бар.  

Тельман БЕЙСЕН