«Коронавирус – ойдан шығарылған індет» деп күмән келтіргендерге министр жауап берді
«Коронавирус – ойдан шығарылған індет» деп күмән келтіргендерге министр жауап берді
Фото: Интернеттен алынды
148
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індетін емдеудің тиімді клиникалық хаттамасын әзірлеген әріптестеріне ризашылық білдірді. Елжан Біртанов Facebook парақшасында: «Ақтаева Ләззат Мейрашқызына және еліміздің жетекші медицина қызметкерлеріне, барлық әріптесімізге коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің тиімді әр сәтті қолданылған клиникалық хаттамасын әзірлегендері үшін ризашылық білдіремін. Еліміздің әртүрлі өңіріндегі індетпен қазіргі уақытта күресіп жатқан барлық әріптесіме рақмет. Індет ойдан шығарылмаған, ол өкінішке қарай әлі де жалғасуда. Бірақ, медицина қызметкерлерінің, сонымен қатар еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің түрлі учаскелерін басқарып жүрген әріптестерімнің жанқиярлық еңбегінің арқасында әзірше індет бақылауда тұр. Сондықтан да барлықтарыңыздан парасатты болуды, медицина қызметкерлері мен биліктің ұсыныстарын орындауды тағы да өтінемін. Бұл мәжбүрлі уақытша шектеулер», – деп жазды. Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Facebook парақшасында COVID-19-ға қарсы иммунды плазма технологиясын жағдайы ауыр науқастарға қолданып жатқанын жазды. Ол коронавирус инфекциясы бойынша қазақстандық клиникалық хаттамаға қосылғанын, КВИ ауыруын жеңген 18 жасқа толған адамдар ғана донор бола алатындығын жазған еді.