Смартфон мен планшет сыйлады
Смартфон мен планшет сыйлады
256
оқылды
Елімізде енгізілген тө­тенше жағдайға байла­ныс­ты 6 сәуірден бастап мектеп оқушылары бірыңғай қа­шық­тықтан оқу жүйесіне көшті. Іс-шара жүзеге ас­қа­лы бері әлеуметтік жағдайы төмен көптеген отбасы мү­шелерінің балаларын то­лықтай қашық­тықтан оқы­туға қосу үшін техникалық жаб­дық­тарды алуға мүм­кін­дік­тері болмай отырғаны белгілі болды. Олардың арасында Қара­ған­ды облы­сы Үштөбе орта мек­тебінде оқитын оқу­шы­лар­дың ата-аналары да бар. Балаларының көппен бірге оқу оқи алмай жүргенін айтқан кө­мек­ке зәру отбасылар Nur Otan партия­сынан кейбір мектеп оқушыларына интернетке шыға алатын гаджеттер жетіспей жат­қанын жеткізді. Пар­тиялықтар тұрғындардың өтінішін ескерусіз қалдырмай, бүлдір­шін­дерге де қуаныш сыйлады. Өз кезегінде Бұқар жырау ау­дандық маслихатының де­пу­таты, Nur Otan партиясының де­путаттық фракция мүшесі С.Артық­баева «Бақытты отбасы» партиялық жо­басы аясында көпбалалы отбасылар Азамат Әмірин, Амангелді Аман­жанов және Әлия Есенбаеваның мектеп жасындағы балаларына планшет және екі смартфон алып берді. Кездесу барысында мектеп ұжы­мы мен түлектерінің демеу­ші­лі­гімен С.Шабанова мен М.Жа­миеваның да отбасына смартфон сыйға тартылды. Шара соңында оқушылардың ата-аналары партиялықтарға алғысын білдіріп, бағалы сый­лықтар оқушылардың алдағы оқуды сәтті жалғастыруына шабыт беретінін жеткізді.  

А.ЖАСАНҰЛЫ