15 мың теңгеден алады
15 мың теңгеден алады
Мемлекет басшысының карантин ке­зінде халықтың ком­мунал­дық төлемдерін өтеуге көмектесу туралы берген тапсырмасына орай Алматы облысында нақты шаралар қолға алынды. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бағлан Тәнекенов бұл жайында жан-жақты айтты. Еліміздегі төтенше жағдайға бай­ланысты коммуналдық қызмет­тер үшін берілетін төлем сәуір мен мамыр айлары үшін төленеді және 15 мың теңге тұтынушылардың або­нент­тік есепшотына жіберіледі. Кө­­мек коммуналдық қызметтерді жет­­кізу­шілер мен өз атынан шарт жасасқан, төтенше жағдайға бай­ланысты ка­рантин енгі­зілген елді мекенде тұра­тын негізгі са­нат­тағы адам­дарға көр­се­тіледі. – Коммуналдық қызметті тұ­ты­ну­­шы­ның атында есепшот болса, ком­мунал­дық қызметтер бойын­­ша шы­ғын­дар өтеледі. Облыс бойынша 248 мың 395 азамат ком­му­налдық қызметті тұтыну бойын­ша өтем алатыны анық­тал­ды. Жеті санат бойынша тіркел­ген азамат­тардың бір айлық коммуналдық шығыны шамамен 15 мың теңгені құрайды. Аталған төлем үшін республикалық бюджеттен екі айға 7,5 миллиард теңге бөлінді. Облыс аумағында халыққа коммуналдық қызметті түрлі меншіктегі 138 мекеме көр­се­теді дейді басқарма басшысы. Коммуналдық қызметтер бойынша өтемді алу үшін тұтынушы ешқайда сабылмастан, жеке сәй­кестендіру нөмірін, әлеуметтік мәр­тебесін және есепшотының деректерін көрсету арқылы call-орталықтар мен ақпараттық жүйелер арқылы өтінім береді. Бүгінгі таңда жергілікті әкім­діктер өтінімдерді қабылдау үшін call-орта­­лықтар мен ақпараттық ре­сурс­­тар құру бойынша шұғыл ша­ра­лар атқаруда.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы