1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-де президент лауазымы тағайындалды. Жоғарғы Кеңес оған Коммунистік партияны басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Ол Қазақстанды 2019 жылдың 19 наурызына дейін басқарып, еліміздің Тұңғыш президенті атанды. Сөйтіп, сол жылдың 20 наурызында ұлттық телеарналар арқылы өз еркімен отставкаға кететінін мәлімдеді. [caption id="attachment_38543" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] 1990 жылдың ақпан айынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев бір мезгілде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы және Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. [caption id="attachment_38547" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткен сәт. [caption id="attachment_38553" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] 1991 жылғы 16 желтоқсанда, президенттік сайлаудан 15 күн өткен соң, Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бірнеше күннен кейін Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылған болатын. [caption id="attachment_38556" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды.[/caption] Соңғы 28 жыл ішінде Қазақстанда алты рет жалпыхалықтық президенттік сайлау өтті – 1991, 1999, 2005, 2011, 2015, 2019 жылдары. 1999, 2011, 2015, 2019 жылдардағы сайлау мерзімінен бұрын өтті. [caption id="attachment_38561" align="alignnone" > © Сурет интернеттен алынды[/caption] Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа 2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан президенті болып сайланғаны туралы берілген куәлігі. Сурет Нұр-Сұлтандағы Қазақстанның тұңғыш президентінің музейінде түсірілді. [caption id="attachment_38577" align="alignnone" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Қазақстан ғылым академиясы Назарбаевқа «ғасыр ғалымы» атағын берді. [caption id="attachment_38582" align="alignnone" > © сурет интернеттен алынды[/caption] Қазір еліміздегі университет, зияткерлік мектептер, бірнеше қорлар, мұражайлар, саябақтар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген тарихи-мәдени орталықтар бар.