Головкин – үздіктер қатарында
Головкин – үздіктер қатарында
5,175
оқылды
Орта дивизионда IBF және IBO титул­дарына ие Қазақ­стан­дық Геннадий Голов­кин (40-1-1, 35 КО) The Sweet Science тұжы­рымы бо­йын­­ша осы сал­­мақ­тағы он­­жыл­­дық­тың ең мық­ты бокс­­шы­сы ре­­тін­де мо­йын­дал­­­ған. Олар Головкин Сауль «Канело» Альварестен (53-1-2, 36 КО) жеңілгеніне қарамастан рейтингте бірінші, ал мексикалық екінші екенін жазады. 2010-2019 жыл аралығында қа­зақстандық боксшы 25 жекпе-жек өткізіпті. Оның 23-інде жеңіске жетсе, бір рет жеңілген және біреуінде тең түскен. «Альварес Головкинді нокаутқа түсірсе де, GGG рейтингте бірінші болатын еді. Оның екі себебі бар. Біріншісі, Головкин он жыл бойы орта салмақта жұдырықтасып келеді. Әрі жеңісті ешкімге берген жоқ. Ал «Канело» бұл дивизонда үл­кен жетістікке жеткенімен, тиіп-қашып жүрді. Екінші, Головкин 2010 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың жел­тоқсанына дейін шебер бокстасты. Оның орта салмақта айрықша шеберлік көрсеткенін ешкім ұмытпайды» деп жазады басылым. The Sweet Science тұжырымы бойынша онжылдықтың ең мықты он боксшысы қата­рында бірінші болып Головкин тұр Одан кейінгі орында:
  1. Сауль Альварес
  2. Серхио Мартинес
  3. Дэниэл Джейкобс
  4. Дэниэл Гил
  5. Мигель Котто
  6. Билли Джо Сондерс
  7. Феликс Штурм
  8. Питер Куиллин
  9. Дмитрий Пирог жайғасқан.
Генаның шаршы алаңда қалай атой салатыны көпшіліктің мәңгі есінде қалары анық. Қазақстандық сары баланың жеңісін тойлаған күндер де ел жадында.

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ