«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта орналасқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ұжымымен кездесті.
Д.Еспаева еліміздің ірі өнеркәсіп ұжымына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Зауыт қазақстандық әскер мен әскери күш құрылымдарын бронетехникамен қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптің қуаты – жылына 120 машинаны құрайды. Бронетранспортерлерді жақын арада әлемдік нарыққа шығару жоспарланған.
Кандидат Дания Еспаева цехтың жұмысымен танысып, отандық кәсіпорынды мазалайтын сұрақтарға жауабын берді. Қойылған сұрақтардың ішінде несиелердің жоғары мөлшерлемесі мен мемлекеттік тапсырыстардың қысқа уақыттылығы бар. Дания Еспаева бұл және басқа мәселелердің жауабы өз бағдарламасында көрініс тапқанын айтты.
«Сіздер сияқты кәсіпорындар үшін мемлекеттік тапсырыстардың уақыты бір жыл емес, кем дегенде үш жылдан аспауы тиіс. Бұл отандық өнеркәсіптердің жұмыс қуатын арттырып, бәсекеге қабілетін жоғарылатады, – деді Дания Еспаева. – Бағдарламамда несие мөлшерлемесін төмендету мәселесі қойылған. Қазір бұл компания екінші дәрежелі банктерден жылына 16 пайыздық мөлшерлемеде несие алады. Таяуда ғана біз оны 14 пайызға өзгерттік. Мұның өзі жоғары мөлшерлеме. Әрі бұл жерде әңгіме еліміздің қорғанысы жайында болып тұр».
Кәсіпорын жұмыскерлерімен кездесу барысында «Ақ жол» партиясының үміткері бағдарламаның негізгі тұстары жайлы айтып, әлеуметтік, басқа да тақырыптар аясында сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында Дания Еспаева сайлаушыларды 9 мамыр күні президенттік сайлауға қатысуға шақырды.
Айдана БЕГІМ