Дәрігерлермен дидарласты
Дәрігерлермен дидарласты
194
оқылды

ҚКХП-ның Қызылордада облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев пен партиялық комитеттің белсенділері Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық медицина орталығында» медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Т.Телеубаев   ҚКХП-ның ҚР Парламенті Мәжілісінде мемлекеттік деңгейде жұмысшы таптың мүддесін қорғау мүмкіндігі бар екенін айтты. Партия өкілдері әлеуметтік-экономи­калық сипаттағы мәселелерді көтереді, соның ішінде депутаттардың меди­цина саласына қатысты көтерген мәселе­леріне тоқталды. Елдегі кедейшіліктің шынайы деңгейін қайта санау керегін және бұл құбылысты өзекті әлеуметтік мәселе деп тану қажетін атап өтті.

«Қазақстанда ауқатты және өте ауқатты­лар­­дың саны өте көп. Мұнымен қатар кедей­лік шегінде немесе оған жақын деңгейде өмір сүретін адамдардың саны артып келеді. Қазақстанның салық салу жүйесі байлар үшін елімізді жұмаққа айналдырып отыр. Бұл – әділетсіз!» – деді ол.

Қоғам әділетсіз табысқа көнбеуі тиіс. Біздің халықты, біздің экономиканы тонап жатқан адамдар қай жақта жасырынып жатса да, әділ сотқа берілуі тиіс. Орта тапты қозға­май, үстеме табысқа ие адамдарға табыс са­лы­ғы­ның жоғары мөлшерлемесін қолдану қажет.

«Бізден ұрланған капиталдарды халыққа қайтаруға мемлекет пен қоғамның бар күшін салатын уақыты жетті. Бұл салада заңнаманы күшейту және бұл күресте әлемдік қауымдас­тықтармен өзара ықпалдастықты жандан­ды­ру қажет. Халықтың ақшасы халық мүд­десі үшін қызмет етуі тиіс. Барлық қашқын олигарх сотқа тартылуы тиіс!» – деп түйіндеді Телеубаев.

Спикер сөздерінен кейін кездесу қатысу­шылары көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды. Олардың басым бөлігі медқыз­мет­керлердің жалақысын көтеру, баспанамен қамту, кадр тапшылығы төңірегінде болды.

 

Айдана БЕГІМ