Түркістанда тұрғындардың жүріп-тұруын тіркейтін онлайн жүйе енгізіліп бастады
Түркістанда тұрғындардың жүріп-тұруын тіркейтін онлайн жүйе енгізіліп бастады
Фото ашық дереккөзден алынды
136
оқылды
Астана мемлекеттік қызмет хабы қолдауымен Түркістан қаласы әкімдігі карантин уақытында қалада елдің келіп-шығып, жүріп-тұруын онлайн тіркеудің қолайлы әрі жеңіл жүйесін енгізе бастады. Хаб өз миссиясына сай инновациялық шешімдерді зерделеу негізінде бірқатар елдерде пандемия кезінде қолданылған жаңа технологиялар туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға береді. Мәселен, Әзірбайжан, Греция, Біріккен Араб Әмірлігіндегі азаматтардың қозғалысын тіркейтін онлайн жүйелер туралы ақпаратты Қазақстан үкіметіне, министрліктеріне, мекемелер және әкімдіктерге жолдаған. Түркістан қаласы әкімдігі әзірбайжандық тәжірибені қолданып, азаматтардың қозғалысын тіркейтін онлайн-жүйені жасап шықты. Оның көмегімен Түркістан тұрғындары мынадай мақсаттар бойынша жүруге онлайн режимде рұқсат ала алады: азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмек сатып алу; шұғыл медициналық және емдеу қызметтерін алу; халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарына жұмысқа шығу; аза тұту процесіне қатысу. Бұл инновациялық шешімді Әзірбайжан Президенті жанындағы Азаматтарға қызмет көрсету және әлеуметтік инновациялар бойынша мемлекеттік агенттігі Хаб сұрауы бойынша ұсынған. – Түркістан әкімдігі бастамасы – азаматтардың мүддесі үшін ақпараттық технологияларды қолданудың үлгісі. Бұл шешім халықаралық тәжірибе мен білім алмасудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетіп отыр, – деп атап өтті Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті төрағасы Алихан Байменов. Пандемия жағдайында жаңашыл идеяларды енгізу бойынша ақпарат алмасудың айрықша маңыздылығын ескеріп, Хаб арнайы онлайн платформа жасады. Жаһандық қауіп-қатерге тойтарыс беруде практиктер Альянстары қатысушыларын осы виртуалды алаңда инновациялық шешімдер, әдіс-тәсілдер, қолданбалы технологияларымен бөлісіп отыруға шақырды. Бұл ретте Әзірбайжан, Армения, Қазақстан және Корея Республикасынан сараптамалық материалдар келіп түсті. Онда цифрландыру, медицина, қашықтықтан оқыту және экономика саласында Үкіметтер мен IT-компаниялардың пандемияға қатысты қабылдаған шаралары қамтылған. Бұл материалдар Хабқа қатысушы-елдер арасында таратылады. Бұдан басқа, Хаб сайтында деректер базасы құрылды. Онда коронавирус пандемиясына байланысты статистикалық көрсеткіштері және басқа да фактілермен бірге мемлекеттердің есептері бар.