Birgemiz: 50 мың теңгелік екінші көмекті 7 мыңнан астам қызылордалық алады
Birgemiz: 50 мың теңгелік екінші көмекті 7 мыңнан астам қызылордалық алады
Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова партия филиалының Фейсбук және Инстаграм желісіндегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалдарына жауап берді. Бір сағаттан астам уақытқа созылған тікелей желіде Ақмарал Әлназарова алдымен тұрғындарға еліміздегі Төтенше жағдай кезеңінде Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz қорынан көрсетілген көмектер жөнінде айтып өтті. – Birgemiz қоры Елбасы бастамасымен коронавирус індеттің таралу қауіпінің алдын алу мақсатында  әлеуемттік әлсіз топтарға қолдау көрсету үшін құрылды. Бүгінгі күні қорға еліміздегі ірі  компанияларының басшылары, меценат кәсіпкерлер мен жомарт жүректі азаматтар 23,5 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіп отыр. Осы қаржыдан  қордың қамқоршылық Кеңесі халық көп шоғыланған яғни, халық саны 85 мыңнан асатын еліміз бойынша 23 ірі қалалардың 152 мыңнан астам тұрғынына 50 мың теңге көлемінде тікелей ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бұл  қалалардың  қатарына  Қызылорда қаласы да еніп, қор есебінен 1-ші толқында 6313 қала тұрғындары 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмекпен қамтылады. Оның 4913-і  аз қамтылған отбасылар, 187-і жетімдер, тұл жетімдер және 1213-і ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлер, – деді  Ақмарал  Әлназарова. Тікелей эфирді 3 мыңға жуық тұрғындар тамашалап, олардан 1000-ға жуық сауалдар келіп түсті. Басым бөлігі әлеуметтік көмектер жөнінде. Арасында өз алғыстарын айтып жатқандары да бар. Партия филиалы төрағасының бірінші  орынбасары барлық сауалдарға жауап беруге тырысты алайда, үсті-үстіне келген сұрақтар толастамады. Дегенмен, Ақмарал Әлназарова барлық сауалдардың назарға алынып, алдағы уақытта жауап берілетіндігіне уәде етті. Сондай-ақ, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова  тұрғындарға Елбасы тапсырмасы бойынша қаржылай көмектің екінші толқыны жақын арада іске қосылатын жеткізді. Естігеніміздей, бұл жолы 1 реттік 50 мың теңге қаржылай көмекті 6 санат бойынша 7796 қала тұрғыны алмақ. Олар мұқтаж көп балалы отбасылар, бірінші топтағы мүгедектер, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар, жетімдер, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері оның ішінде мемелкеттік медальмен марапатталғандар.