Индонезияда бір тәулікте коронавирус инфекциясын 436 адамның жұқтырғаны анықталды

Индонезияда бір тәулікте коронавирус инфекциясын 436 адамның жұқтырғаны анықталды

Индонезияда бір тәулікте коронавирус инфекциясын 436 адамның жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады. Бұл елде жалпы 8 211 адам коронавирусты жұқтырған. Өткен тәулікте қауіпті вирустың салдарынан 42 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны — 689. Мұнда 1 002 науқас жазылып шыққан. Бельгияда коронавирустан тағы 190 адам көз жұмды COVID-19-дан қайтыс болғандардың жалпы саны — 6 679. Қазіргі таңда 970 науқас қарқынды терапия палатасына жатқызылған. 680 емделуші өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Коронавирус диагнозы қойылған барлығы 4 355 адам ауруханада жатыр. Ал жалпы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 44 293-ке жетті. Испанияда тағы 6 740 адам коронавирусты жұқтырды Бұл елде COVID-19 вирусын барлығы 219 764 адам жұқтырған. Бұған қоса, жақында тағы 367 адам қайтыс болды. Коронавирустан көз жұмғандардың жалпы саны — 22 524.