Шымкентте вирус жұқтырған екі науқас та карантинде жатқан
Шымкентте вирус жұқтырған екі науқас та карантинде жатқан
© Сурет ғаламтордан
109
оқылды
Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам туралы ақпарат (24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Вирус жұқтырған 1966 жылғы айел мен 1984 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 24.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 141 адам анықталды