Саламат Аязбай – қазақтан шыққан фотоманипуляция шебері
Саламат Аязбай – қазақтан шыққан фотоманипуляция шебері
©Саламат Аязбай
Жас та болса, елге белгілі фотограф Саламат Аязбай – фото түсірудің  шебері. Өзі бала кезінде ұшқыш болуды армандаған екен. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» дегендей адам қиялына шек бар ма? [caption id="attachment_38715" align="alignnone" width="1024"]Астана ©Саламат Аязбай[/caption] Саламаттың да қиялының шет-шегі жоқ. Әр суретінен осыны байқауға болады. Ол армандай біледі, қиялға қанат бітіреді. [caption id="attachment_38833" align="alignnone" width="819"] width= ©Саламат Аязбай[/caption] «Қиял жетегіне кетсең, сурет те адамды баурап алады. Ал бұл көкке ұшқанмен тең» деген эколог жігіт бүгінгі кәсібі оның өміріне, ажырамас бөлігіне айналғанын мойындады. [caption id="attachment_38716" align="alignnone" width="683"]астана ©Саламат Аязбай[/caption] – Саламат, сізді ел-жұрт фотограф ретінде таниды, біледі. Бұған қалай келдіңіз? Негізгі мамандығым – эколог. Бұл кәсіпке кездейсоқ келдім. Алғашында жай ғана қызығушылықпен бастағаным рас. Кейін  түсірген суреттерімді жора-жолдастарым, ағайын-туғандарым көріп, ұнатты. Сол уақытта Instagram желісі сұраныста ғой, суреттерді соған сала бастадым. Ақырында өмірімнің ажырамас бір бөлігіне қалай айналып кеткенін де сезбей қалдым. [caption id="attachment_38717" align="alignnone" width="683"]астана ©Саламат Аязбай[/caption] –Өзіңізді  қандай фотограф деп есептейсіз? Кәсіби ме, әлде әуесқой ма? Әрине, кәсіби  фотографпын. Тапсырыс бойынша түрлі форум, конференция, концерт, жарнамаға түсіремін. Бірақ олардың ешбірін парақшама салмаймын. Ол менің жұмысым, күн көрісім деуге болады. Парақшамдағы суреттер – ізденісім. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» дегендей, әрқашан ізденіс үстіндемін. Түрлі тәжірибе жасап, оны шыңдаудамын. табиғат  – Соңғы кезде парақшаңызға салып жүрген суреттеріңіз соның жемісі ме?  – Қазір жасап жүргенім – фотоманипуляция. Бұл дегеніміз – түрлі суреттің кескіні мен графикалық элементтер жиынтығын қосу арқылы айтар ойы бар жаңа дүние тудыру.  Бір сөзбен айтсақ, әшейін безендіру жұмыстары. Қалада карантин жариялаған күннен бастап, сыртқа шыға алмай қалдық. Шынын айтсақ, емін-еркін жүруден қалдық. [caption id="attachment_38719" align="alignnone" width="683"]вирус ©Саламат Аязбай[/caption] Соңғы суреттерім елде төтенше жағдай басталғанда түсірілген. Сонда елдің бәрі бетпердемен жүрген. Карантин жариялаған соң үйде отырып, бетперде киген қыздың суретін бәйтерекпен байланыстырғым келді. Айтпағым, елордада карантин, бәрі бетпердемен жүр деген ой еді. [caption id="attachment_38720" align="alignnone" width="1024"]көпір ©Саламат Аязбай[/caption] – Суреттен тапқан алғашқы табысыңыз қанша болды? Қай фото табысты болды? Фотолардың ішіндегі ең табыстысы – Сарыарқа көпірі. Елорданың күндізгі және түнгі бейнесін, тыныс-тіршілігін көрсететін сурет болуы керек еді. Сөйтіп, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған байқауға қатыстым. [caption id="attachment_38721" align="alignnone" width="1024"]көпір ©Саламат Аязбай[/caption] Онда да байқау жайында хабарландырудан көріп қалдым. Ұйымдастырушыларға хабарласқанымда «Қатысуыңызға болады. Бастысы үш сурет жіберіңіз» деді. Ойда ештеңе жоқ, суреттерді жібере салдым. Сол кездегі ұтыс – 100 мың теңге. Екі сурет үшін  өте көп ақша. Ол менің ең үлкен табысым еді. Бұл маған үлкен мотивация болды. [caption id="attachment_38722" align="alignnone" width="683"]жаңбыр ©Саламат Аязбай[/caption] – Сіз сол сайыстан кейін сурет түсірудің қыр-сырын үйрену үшін Мәскеуге барып, оқып келдіңіз. Осы кезде фотограф болуды шештіңіз бе? Өмірімді өзгертуге түрткі болған да сол шығар. Өз-өзімді іздеп тапқандай болдым.  Әйтпесе, оған дейін немен айналыспадым. Алып-сатарлықпен айналысып, бизнес бастадым. Мамандығым бойынша істеп те көрдім. Бірақ фото секілді ештеңе мені елітіп әкетпеді. Оның үстіне, ұнаған ісің табыс әкелсе қуанышың да еселене түседі емес пе?! Міне, осы кезде түбегейлі фотограф болуды шештім. [caption id="attachment_38724" align="alignnone" width="683"]базар ©Саламат Аязбай[/caption] – Эколог мамандығы бойынша бакалавр ғана емес, магистратураны бітіріп,  доктарантураға дейін тапсырыпсыз. Келешекте бұл кәсіпке оралуыңыз мүмкін бе?  Ондай ойым да жоқ. Бұл кәсіппен біте қайнасып кеттім. Қазір хоббиімді де, жұмысымды да бір-бірінен ажырата алмайсыз. Демалыссыз жұмыс істесем де, жаным рақаттанып, ләззат сыйлайды. Ал жасаған ісіңнен ләззат ала білу – үлкен бақыт. Сол бақытты жоғалтқым келмейді. Сурет түсіру – менің өмірім. [caption id="attachment_38726" align="alignnone" width="880"]табиғат ©Саламат Аязбай[/caption]  – Мықты фотограф болу үшін не керек? Қазір фотограф болуды үйрететін мектептер көбейіп кетті. Оның пайдасы бар ма? Фотограф болу үшін оны оқу міндетті ме?  Бұл салаға келгенімде ешқандай курсқа қатыспадым. Маған ешкім ештеңені үйретпеді. Фотосуреттің негізін түртпектеп жүріп үйрендім. Жаңағы оқулар осының негізін  тез арада үйренуге мүмкіндік береді. Ал енді шеберлігіңді шыңдау фантазияңа байланысты. [caption id="attachment_38727" align="alignnone" width="819"]Астана ©Саламат Аязбай[/caption] Ой-өрісің таяз болса, ешқандай мектеп оны үйрете алмайды. Әрбір түсірілім сенің қиялыңда шарықтайды. Соны тірілтіп, жан бітіргің келеді. [caption id="attachment_38837" align="alignnone" width="819"] width= ©Саламат Аязбай[/caption] Оған қоса, түсіруден шаршамау керек.  Үйде болсаң да, сыртта жүрсең де, көлікте болсаң да, ұнаған сәтті қалт жібермеген жөн. Өз басым, камерасыз шығып кетсем, құр қол жүргендей боламын.   [caption id="attachment_38728" align="alignnone" width="683"] width= ©Саламат Аязбай[/caption] – Жақсы сурет камераға байланысты ма? Кейде «камерам нашар, дұрыс түспеді» деп сылтауратып жатамыз. Ол сөздің қаншалықты жаны бар?  width= – «Сыныққа – сылтау, кереңге – мылқау» демекші, меніңше бұл сылтау. Алғашқы фотоаппаратты кәсіпкерлікпен айналыспақшы болғанда сатып алғанмын. Canon 1100 объективімен бірге 62 мың теңге тұрды-ау.

Ол камера әлі бар, әлі де жұмыс істейді. Суреттің жақсы шығуы фотоппаратқа байланысты емес. Әр түсірген сайын өз қателігіңді, артықшылығыңды біле түсесің. Түсіру барысында тоқтап қалмау керек. Сонда ғана нәтиже болады.

[caption id="attachment_38829" align="alignnone" width="819"] width= ©Саламт Аязбай[/caption] [caption id="attachment_38841" align="alignnone" width="867"] width= ©Саламат Аязбай[/caption]