Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 адам туралы ақпарат (24.04.2020 жылғы сағат 23:00-дегі мәлімет бойынша) Коронавирус инфекциясы табылған адамдардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың 5-еуі Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары. Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала және Сырым автоөткелдеріндегі санитарлық-карантиндік бекеттерде эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізуі кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 7 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды. Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 24.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 100 адам анықталды.