Мәскеуде сақталған сарындар
Мәскеуде сақталған сарындар
213
оқылды

2015 жылдың ақпан-наурыз айларында маған сәті түсіп, Мәскеу қаласындағы бірнеше тарихи мұрағаттарда жұмыс істеуге тура келді. Атап айтқанда Ресей Федерациясының Мемлекеттік архиві (ГАРФ), Орталық ежелгі құжаттар Мемлекеттік архиві (ЦГАДА), Подольск қаласындағы әскери архив және тағы басқалар. Негізгі мақсатым өзім зерттеп жүрген Ресейдегі қазақ диаспорасының тарихы мен этнографиясына қатысты материалдар жинау болғанымен, қазақ халқына қатысты тарихи құжаттарды көргеннен кейін қиып кете алмай, кейбір деректерді жазып алдым. Сол мәліметтерді зерттеуші әріптестерім мен жалпы құлағы түрік оқырмандар назарына ұсынбақпын. Бәлкім, жол түсіп бара қалған осы сала мамандары болса, бір әжетке жарап қалар.

Мәскеу қаласының орта тұсындағы Бауман даңғылы бойында орналасқан, кезінде Петр патшаның жақын серік­терінің бірі болған фелъдмаршал Мень­шиковтің иелігіндегі аумағы бір гектардай болатын жердегі сарайлардың бірінде Ресей мемлекеттік фотофонодокументтер мұрағаты (РГАФД) орналасқан. Мұнда 1936 жылға дейінгі құжаттармен қатар әскери мұрағат та сақталған. 

Осы фонодокументтер мұрағат қор­ларынан мына құжаттарды кездестірдім: 
1.Центральный архив звукозаписей (1932-1934).
2. Центральный фотофонокино архив СССР – фоноотдел (ЦФФКА СССР). (1934-1941).
3. Центральный гос. архив кинофо­тофонодокументов СССР – фоноотдел (ЦГАФФД СССР).(1941-197).
4. Центральный гос. архив звуко­за­пи­сей СССР (ЦГАЗ СССР). (1967-YI.1992).
(В 1992 г. ЦГАЗ СССР переименован в Российский гос. архив фонодокументов – РГАФД .В фондах РГАФД хранятся доку­ментальные и художественные звукозапи­си за период с конца ХІХ в по настоящее время. Здесь сосредоточены все виды звукозаписей.)

Мұрағаттың ғылыми ақпараттық бөлімін басқаратын ғылыми қызметкер Марина Лазарева өте бір ілтипатты, қамқор көңілді, ақ жүректі жан екен. Арнайы рұқсатым болмаса да, мұрағат құжаттарымен танысып шығуыма мүмкіндік жасады. Оған қоса біраз картотекалардағы қазақ әндерінің үсті­не белгіленген «киргизский» деген ­анық­таманы (біздің бақытымызға
қарай олар қарындашпен толтырылған екен) «казахский» деп көзімізше түзетіп берді.
Жалпы, мұнда музыкалық қорлармен қоса өткен ғасырлардағы музыкалық жазба құралдар да біршама жинақталып, сақталыпты. Мәселен, 1877 жылы Эдисон ойлап тапқан «фонографтан» бастап, ХХ ғасырдың бас кезіндегі «граммофон», «фоновалик», «патефондар», тіпті даңқты Шаляпин тұтынған граммофондарға дейін осында қойылған. Қазақ әнін бірінші болып, бүкіл Еуропаға танытқан дүлдүл әнші Әміре Қашаубаевтың жеті-сегіз әні де осы «фоноваликке» жазып алынған екен (МГ №6 фоновалик), Центральный гос. архив звукозаписей СССР. Фонд 165, 170, 172, 174-185. Ско­рость 38 см /сек.). Фольклорные фоно­графические записи (запись произведена ГИМН). Вариант магнитная с фоно­валика). Міне, бар мәлімет – осы. Әміре әндерін Марина қыздың көмегімен екі қайтара тыңдап шықтым. Картотекада «киргиз» деп белгі­ленген және аты жөні «Омре Нашаубаев» (Әміре Қашаубаев Д.Е.) деп жазылып, ал әндерінің тұсында Омре Кашаубаев деп көрсетілген. Әрі әндердің толық нұсқасы жоқ, сөздері де анық емес, әр ән қысқаша екі шумақтан ғана жазылған сияқты. Бұл мағлұматтар музыка зерттеушілері үшін біршама белгілі екені мәлім. Дегенмен де жалпы тарих үшін және болашақ зерт­теушілерге көмек ретінде өзім жазып алған деректерді бір нүктесін бұзбастан сол күйінде, қаз қалпында беріп отырмын:

Өздеріңіз байқап отырғандай, тек қана Ә.Қашаубаев қана емес, тізімде де қарама-қайшылықтар немесе емле қателігі көптеп кездеседі. Осының өзіне де шүкіршілік етіп, қандай жағдайда болса да, құндылық­та­рымыздың сақталғандығына тәубә дей отырсақ та, орын алған кейбір кемшіліктерді атап өтуді парыз санадық.

Біріншіден, қазақ әндерінің көпшілігі «киргизский» деп жазылып кетуі – «қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік» деген Сәкен сияқты ұлт жанашырларының үні әлі де Қызыл империя билігінен аса алмай жатқан тұс болса керек. Екіншіден, авторы С.Сейфуллин деп берілген екі әннің бірі «Сарыарқа» әні қазіргі кезде «Біздің жақта» деп аталып, ел арасына кең тараған Сәкен әні екендігі даусыз. Ал «Әупілдек» әні көп жерлерде халық әні деп аталып жүрсе де, кейбір зерттеушілер бұл әннің авторы белгілі, ән ғасырдың ХIХ ғасырдың аяқ кезінде туған, Сәкен тек ол әнді жазып алып көпшілікке таратқан деген пікірде. Бұл музыкалық мұралар Мәскеу мұрағатына қандай жолдармен жеткен? Кезінде қазақтың 1 000 әнін жинақтап шығарған А.Затаевич арқылы ма, әлде басқа жолдары болды ма екен? Олай десек, Затаевич жазып алған «Әупілдек» әнінің бірінші нұсқасын Қайып Айнабеков, ал екінші нұсқасын Жүсіпбек Аймауытов жаздырғаны белгілі [1, 24, 43 б.] (1-24, 43). Жалпы, сөз реті кел­генде айта кетейік, Қ. Айнабеков Затаевичке он алты ән жаздырса (онын біреуі сыбыз­ғыда орындалған «Ақ жұмсақ» күйі), ал Ж.Аймауытов отыздан аса ән жаздырған. Сәкеннің бергені алтау, төрт ән және екі күй («Тоқа» және Абылай ханның атты әскерінің шеруі «Терісқақпай»). Бұл туралы Затаевичтің өзі «Мелодия №11 записана от выдающегося поэта, прозаика и драматурга Сакена (Садвокаса) Сейфуллина (1894-1939). О нем см. «1 000 / 189-194» деп атап өт­кен (2, 18). Сәкен кейіннен «Қара торғай» және «Шәкірт» т.б. әндерін қосқан. Негі­зінде, С.Сейфуллин өнерпаздардың басын қосып, ұйымдастыру жұмыстарының негізін салып кетсе, көп әншілерді тауып беруге себеп болған Әлікей Өтекин және Затаевичтің қасында болып түсінік беріп, көмекші рөлін атқарған Қ.Айнабеков болғандығын да атап өту керек. Бұл туралы зерттеушілер «известный акын Каиб Айна­беков (1885-1955) был корреспон­дентом А.Затаевича во время II-го съезда Советов Казахстана (4-10 октября 1921 года)» деп жазса [2, 22 с.], ал Ә.Өтекин туралы Затаевичтің өзі «в то же время предсов­наркома тов(арищ) Сейфуллин обратил мое мнение на только что приехавшего из Акмолинской губернии … молодого человека Аликея Утекина, оказавшегося самым лучшим певцом-исполнителем и вообще знатоком акмолинских песен из числа всех тех акмолинцев, которых я до сих пор записывал… » деп еске алады.

Енді Әміренің әндеріне келейік. Қорда Әміренің орындауындағы сақталған әндер:

1. «Перуайым». 
2. «Ей литос» (три друга). (Үш дос – Д.Е.) 
3. «Балхадиша» (медовая хозяйка), киргизские песни. исп. Омре Кашаубаев /с домбры. 
4.«Джальгиз – арша» (одинокий мож­же­вельник). 
5. «Дударай» (муж. имя). Исп. То же. 
6.«Агаш-Ояк» (деревянная нога), наигрыш киргизской домбры, исп. То же. 
7.«Смет» (имя). 
8.«Бес карагер» (пять карих лошадей), исп. То же.

Салыстырма үшін Әміренің Затаевичке жаздырған әндерінің тізбесін келтіре кетейік: «из репертуара Амре Кашаубаев А.Затаевич записал одинадцать песен, опубликованных им в «500 песен» (№227-237), среди которых такие превосходные образцы казахской классической народной песенной поэзии, как «Жалгыз арша» («Оди­нокий можжевельник», № 227), «Ағашаяк» (буквально – «Деревянная нога», а вообще прозвище автора песни, № 230), «Сімет» (мужское имя, № 232), «Бал- Қадиша» («Прекрасная Хадиша», № 234), «Дударай» ( О Дудар!», № 235) [2,58 с.].

Әміренің әншілігі мен талантына тәнті болган Затаевич өз естелігінде «Амре Ка­шаубаев, выдающийся каркаралинский певец, до весны 1925 года состоящий в труппе Казахского государственного театра. Кашаубаев – пока единственный из казахских певцов, которому довелось выступать за границей, а именно: летом 1925 года – в Париже, а годом позже – во Франкфурте-на-Майне, причем в обоих случаях – в этнографических группах, организованных Росфилом (Париж) и Бок­сом (Франкфурт-на-Майне), ... дей келе, «Кашаубаев обладает красивым, сильным и сочным голосом (тенор), при большом запасливом дыхании. Чтобы охаректизи­ро­вать его, как певца и музыканта, лучше всего сопоставить его с двумя другими выдающимися Каркаралинскими певцами, «поэтом» Габбасом Айтпаевым (прим. 83) и бытовиком» Кали Байжановым (прим. 109). В этом случае Кашаубаев занял бы первое место между ними обоими ... Чисто же в голосовом отношении Кашаубаев превосходит обоих яркостью своих данных» деп еске ала отырып, өнерін жоғары бағалаған.

Бізге белгілісі – Сәкеннің мұрындық болуымен А.Затаевичтің қазақтың 1 000 әнін жинауға белсене кірісуі. Бұл тарихи оқиға туралы сәкентанушылар зерттеу­ле­рінде мынадай деректер бар: «В условиях финансового кризиса республики Сакен Сейфуллин находит средства для Алек­сандра Затаевича на сбор, подготовку и издание 1 000 песен казахского народа. Пря­мо в кабинете Председателя Совнар­кома Затаевич записывает в нотах испол­ненный Сакеном конный марш хана Аблая. Помощник и друг Сакена Алькей Утекин исполняет марш хана Кенесары. Любовь к народному творчеству подвигает его к поиску, сбору и изданию многотомного соб­рания казахского фольклора. Он пер­вый руководитель республики, кто дал вы­сокую оценку творчеству Жамбыла Жа­баева, как исполнителю тюркского эпоса «Кер-оглы», – деп баға береді. [3,145 б.]. Қиын-қыстау заманға, аумалы-төкпелі кезеңге қарамастан, Сәкен қазақтың фол­клорлық мұрасын жинақтауға білек сыбана кіріседі. Әрине, бұған қазақтың бетке ұстар Алаш қайраткерлері де атсалысқаны белгілі. Ал Сәкендей тұлғаны ерекше атап өтуіміз – ерлігін насихаттау былай тұрсын атын атаудың өзі бас кетіретін уақытта ер Сәкеннің қазақтың ұлы хандарын еске алып, Совнарком қабырғасында жырға қосуы – көзсіз батырлық.

Бұдан әрі уақиға былайша өрбиді: «22 августа 1923 года на заседании Совнаркома рассматривался вопрос «Об отпуске 1 000 руб­лей золотом премии народному артисту Кирреспублики тов. Затаевичу и 1 480 руб­лей золотом на издание киргизских песен». Впервые в истории казахов были собраны, систематизированы и записаны на ноты образцы народной музыки. С большой речью о музыкальной культуре казахского народа выступил Ахмет Байтурсынов. Но часть ораторов заседания требовала сред­ства из без того скудного бюджета респуб­лики направить на восстановление мастер­ских Оренбурга и финансирование крас­ноармейских частей. Мнения разде­лились. Последнее решающее слова было за Пред­седателем Совнаркома. В постановлении заседания Сакен Сейфуллин накладывает резолюцию: «Предложить Наркомпросу отпустить Александру Викторовичу Затае­вичу 2 280 рублей золотом и на редакти­рование его сочинении 200 рублей золотом, а всего – 2 480 рублей золотом из средств Наркомпроса с условием погашения означенной выдачи из краевого фонда по мере поступления денежных средств в краевой фонд» [4, 33 об.].Осылайша, қар­жылық дағдарыс, қиыншылықтарға қара­мастан, жоқтан бар жасап, өзінің бабалар мұрасына адалдығы мен ұлтжандылығын өз іс әрекетімен дәлелдей білген Сәкен ақы­ры «Қазақтың 1 000 әнін» жинақтап шы­ғару үшін қаражат көзін таба білді. Сә­кен игілікті істі үкімет мүшелерінен бастап, өзі үлгі болып, А.Затаевичке екі күй, төрт ән орындап береді және халық ән-күйлерін жетік білетін шебер орындаушылар: Ахмет Байтұрсынов, Қайып, Салық Айнабековтер, Бейімбет Майлин, Әліби Жангелдин, Сәбит Мұқанов, Жүсіпбек Аймауытов, Иса Байзақов, Әлікей Өтекин, тағы басқа да сол кездегі танымал, өнерге жақын азаматтар есімдерін беруі оның қазақ ән күйлерін жинақтауға деген жанашырлығын аңғартса керек. Ал Наркомпрос Ахан болса, өзіне тапсырылған бұл жауапкершілікті өте ыждахаттылықпен іс жүзіне асырып қана қоймай, өз орындауында 24 ән бергендігіне тарих куә. Осынау бір игілікті істі музыка зерттеушісі Борис Ерзакович: «Иссле­дователь казахских песен и кюев, народный артист Казахской ССР А.Затаевич в своей книге «1 000 песен казахского на­рода» рассказывает, как Сейфуллин по­могал ему находить народных певцов», – деп бағалаған.

Ал кейінгі нәтижесі бәрімізге аян, ал­ды­мен «Қазақтың 1 000 әні», соңынан «Қа­зақ­тың 500 әні» жарық көрді. Қазақ музыкасын зерттеудегі ерең еңбегі жоғары бағаланып, Сәкеннің табандылығы мен қайтпас қайсарлығы арқасында А.Зата­е­вич тұңғыш рет Қазақстан Халық Ко­миссарлар Кеңесінің қаулысымен 1923 жылғы 28 та­мызда «Республика халық артисі» атағына ие болды.

Дәурен ЕСКЕКБАЕВ,

тарихшы-этнограф