Қазақстан жан бағудан дамуға ден қояды
Қазақстан жан бағудан дамуға ден қояды
123
оқылды
Мемлекет экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын іске қоспақ. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде өткен жиын барысында коронавирус эпидемиясымен күрестің стратегиялық мәселелері талқыға салынды. Сондай-ақ ел экономикасын қал­­пына келтіріп, одан әрі өр­кен­дету жайы жан-жақты қаралды. Ел­­басы жаһандық қауіп-қатер «өте алаңдатарлық сценарий бойын­­ша өрбіп келе жатқанын» мә­­лімдеді. – Коронавирустың салдары әлем­­дік экономиканың өмірлік маңызды жүйелеріне ықпал етуде. Ха­­лықаралық валюта қорының са­рапшылары ұлы депрессиямен са­лыстыра отырып, «Ұлы ка­ран­­тин» туралы сөз қозғап отыр. Олар­дың дерегінше, жан ба­­­сына шаққандағы табыс 170 ел­де төмендеді. Әлжуаз эко­но­­­­микалар бәрінен көп зардап ше­­геді. Сарапшылар осы 2-тоқ­сан­­да пандемияның және эко­но­микалық дағдарыстың бір мез­гілде шырқау шегіне же­те­­­­тінін болжады. Бұл екінші дү­­ниежүзілік соғыс заманынан бер­­гі өнеркәсіптік өндірістің ең терең құлдырауы болады деп күтілуде, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев таяу уа­­қытта дүниежүзіндегі бар­лық мем­лекеттер күрделі сы­­­нақ­тар­мен бетпе-бет келе­ті­нін, бұдан Қа­­зақстан тыс қалмайтынын ес­­кертті. – 20 сәуірде тарихта тұңғыш рет мұнай бағасы өзіндік құнынан да арзандап кетті. Әлемдік на­рық­­тар тепе-теңдігін жоғалтты. Пан­­демиядан және өндірістің жап­­пай құлауынан кейін жаһан­­дық қаржылық дағдарыс баста­ла­ды деген болжам бар. Содан соң дүниежүзілік азық-түлік дағ­­дарысы келесі кезеңге ай­налуы мүмкін. Бұл кернеу мен қақ­тығыстар туғызады, – деді Қауіп­сіздік Кеңесінің Төрағасы Н.Назарбаев. Оның байламынша, тар жол, тайғақ кешуден абыроймен өту үшін Қазақстанның бүгінде қол­ға алып жатқан уақытылы әрі са­­­­рабдал іс-қимылдары шешуші мән­ге ие. – Мемлекет басшысы жә­не Премьер-Министр дағда­ры­с­қа қарсы барлық қажетті ше­­­шімдерді қабылдады. Елде тө­тенше жағдай енгізілді, ка­ран­тин режимі өз күшінде. Мен барша қазақстандықты тө­тен­ше жағдайға орай бекітілген бар­лық талаптарды орындауға ша­қырамын. Біздің тарихымызда дағ­дарыстар талай кездескен. Алайда бұл жолғысы – өзгерек. Біз әрбір азамат мемлекеттік қол­дауды сезінуі үшін мүмкін бол­ғанның бәрін жасаудамыз. Со­нымен бірге бірнеше қадамнан әрідегіні де көре білуіміз керек. Әлем енді бұрынғыдай болмайды, – деді Елбасы. Ол мемлекет пен қоғамды әр са­лада күтіп тұрған өзгерістерге тоқталды. – Біріншіден, барлық ел­дер өз экономикалық страте­гия­ларын қайта қарауда. Өзін-өзі қам­тамасыз ете алу, төл ре­­­­сурс­та­рына сүйену, өндірістік және қаржылық тізбектердің бұ­зыл­май, сенімді жұмыс істеуі – ба­сым­дық болады. Екіншіден, жаңа салалық басымдықтар қа­лып­тасады. Тиімсіз секторлар та­рих қойнауына кетеді. Ал басқа са­лалар көшбасшы тұғырынан та­былады, экономиканы ілгері сүй­­рейді, адамдарға жұмыс тауып береді. Үшіншіден, бар­лық кең ауқымды дағдарыстар әлем­дегі технологиялық және эко­номикалық тәртіптің цикл­ді алмасуымен тығыз бай­ла­ныс­ты. Міне, бүгінде ескі мо­дель­дің күйреуі жүруде, – деді Н.Назарбаев. Тұңғыш Президент Қа­зақ­станның жаһандық қауіп-қатерді еңсеруге ресурсы жететінін атап өтті. – Бұған дейінгі жылдары ши­­кізат ресурстарына тәуел­ді­лікті азайту бағытында сал­мақ­ты жұмыс жүргіздік. Не­гіз­­гі даму бағдарламалары те­­гіс әзірленді, бұлар – индуст­риа­ландыру, шағын және ор­та бизнес, инфрақұрылым, аг­роө­нер­кәсіп кешені, әлеуметтік бағ­­­дарламалар. Оларға үлкен ресурстар жұмсалды. Ұлттық қор­да айтарлық қаражат қо­рын жинақтадық. Ол қазіргі да­ғ­дарыста елді құтқарып отыр. Бұрын да солай болған. Бірақ қор қаражаты шексіз емес, оны үнемді әрі аса мұқтаж кезде ғана пай­далануымыз қажет, – деді Елбасы. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың қалыптан тыс, жасампаз тәсілдемелерін қолданудың маңыз­ды екенін нықтады. – Бірінші кезекте, дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асырған жөн. Бүкіл қолдау биз­нес пен халыққа жедел әрі то­лық­қанды жетуі үшін әрбір тең­гені бақылауға алу керек. Эко­номиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын қазірден бас­тап іске қосу қажет. Біздің ба­за­лық салаларға, болашақ эко­­­­но­микасына, қалалар мен ауыл­дар­ды гүлдендіруге, әлеу­меттік са­лаға, қаржы жүйесіне арналған ба­ғыттар айқындалуы керек, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы. Нұрсұлтан Назарбаев күй­зе­ліске тосқауыл қоятын ш­а­раларды табысты іске асыру үшін мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде тиімді жұмысты қам­тамасыз ету қажетін баса айтты. – Қазақстанға нақты страте­гия­лық және операциялық жос­пар бойынша бір орталықтан бас­қарылуы тиіс тиімді корпорация ретінде қарайтын кез келді. Ауыл әкімінен бастап Үкімет мү­шелеріне дейінгі барлық мем­ле­кеттік басқарушы өз жұмысын қайта құруы, нақты нәтижеге қол жеткізе білуі тиіс. Ел шара қа­былдауға дайын болатын ба­тыл менеджерлерді қажет етеді. Олар халықтың азық-түлікпен және басқасымен қамтылуын, экономиканың қалпына келуін, жұмыссыздықтың төмендеуін қамтамасыз етеді, – деді Тұңғыш Президент. Сөзін түйіндей келе, Елбасы республиканың 2020 жылғы дағ­дарыстан кейінгі дамуына жаңа көзқарасты дер кезінде қа­лыптастыру – тек аман қалуға ғана емес, сонымен қатар артық­шылыққа қол жеткізіп, пайдаға кенелуге де мүмкіндік беретініне екпін түсірді. – Біз бұл дағдарысты да жеңе­тінімізге сенімдімін. Әкім­дер мен министрлер дербес жауап­кер­шілік арқалайды. Үкімет барлық мембағдарламалардың және дағдарысқа қарсы шаралардың тиімді жүзеге асырылуын бақы­лауы тиіс. Барша Қазақстан хал­қына қайырыламын: қабылданып жатқан шараларды қолдап, бірлік, ынтымақ және тәртіп танытайық. Қ­абылданып жатқанның бәрі – қа­зақстандықтардың игілігі үшін жасалуда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Айхан ШӘРІП