Жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдар
Жемқорлық жайлаған мемлекеттік органдар
174
оқылды
Әдеттегідей ең көп жемқорлық қылмысы еліміздің Ішкі істер министрлігінде тіркеліпті. Одан кейінгі орында Экология, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Индустрия министрліктері тұр. Ал жергілікті атқарушы органдар арасында пара алу, сы­бай­лас жемқорлық жасау әрекеті бойынша ШҚО, Жамбыл, Қы­зы­лорда, Түркістан және Павлодар облыстары әкімдік қыз­мет­­керлері алда. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Еліміздің Ішкі істер ми­нистр­лігі қызметкерлері пара алу қыл­мысы жөнінен неше жылдан бері көш басында келеді. Биылғы І тоқ­сандағы көрсеткіш бойынша атал­ған қылмысы үшін жазаға тар­тылғандардың 57% – ІІМ қыз­меткерлері екені мәлім болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Нұрлан Жақсымбетов 2020 жылдың І тоқсанында сы­бай­лас жемқорлығы үшін 417 лауа­зымды тұлғаның жауапқа тар­тылғанын баяндады. – Агенттіктің шығынды қал­пы­на келтіру жұмыстарын да ерек­ше атап өткен орынды. І тоқ­санның қорытындысында біз анық­талған шығынның 97%-ын немесе 21,7 млрд теңгені өтеттік. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 7 есе көп, – деді Н.Жақсымбетов. Биыл алғашқы үш айда жем­қор­­лық үшін жазаға тартылған лауа­­зымды тұлғалардың саны 9%-ға өскен. Олар­дың әрбір төртіншісі – мем­ле­кет­тік органдардың және ква­­­зи­мемлекеттік ұйымдардың бірін­ші басшысы. «Тұтас алғанда, қылмыстық жауап­кершілікке 417 тұлға, оның ішін­де республикалық деңгейдегі – 11, облыстық деңгейдегі – 37, қа­­­­лалық және аудандық деңгейдегі 35 басшы бар», – деп атап көрсетті де­партамент басшысы. Жемқорлық қылмыстың көр­сеткіші бойынша жоғарыда атал­ған министрліктер былтыр да көш басында болған. Агенттіктің мә­ліметінше, 2019 жылы сы­бай­лас жемқорлық қылмысы үшін 1 002 адам сотталыпты. Был­тыр орталық мемлекеттік орган­дар ішінде алғашқы бестікке Іш­кі істер (297), Қаржы (49), Қор­ғаныс (29), Индустрия және инф­рақұрылымдық даму (20) жә­н­е Ауыл шаруашылығы (19) ми­нистрліктері кірген. Ал биылғы алғашқы тоқсанда жүйе­лі жемқорлықтың 40 фактісі анықталып, 200 қылмыс тіркелген. «2019 жылғы дәл осы кезеңмен са­лыстырғанда ірі көлемде та­лан-таражға салу қылмысын анық­тау 28% өсті. Мемлекеттік бағ­­дарламаларды жүзеге асыру ба­рысындағы қылмыстарды әш­кере­леу 2 есеге жуық артты», – деді Нұрлан Жақсымбетов. Әдетте жемқорлық әрекет кез­дес­пейтін мемлекет аз деп өзімізді әлем­дік қылмыс деректерін көл­де­нең тартып жұбататынымыз бар. Десе де, дамыған елдердің көбін­дегі жағдай біздегі ахуалдай емесін ішіміз сезетіндей. Әлемде Сыбай­лас жемқорлықты түйсіну индексі (СРІ) деген бар. Аталған индексті 1995 жылдан бері Transparency International компаниясы жүргізіп, әлем мемлекеттерінің рейтингін түзеді. Осы индекс бойынша, 2016 жылы Қазақстан 29 балл жинап, 176 мемлекеттің арасында 131 рейтингке тұрақтаған. Яғни, тұ­тас қоғамның парақорлық, жем­қорлықты түйсіну деңгейі жөнінен көп мемлекеттен әлі де төмен тұр­мыз. БҰҰ-ның мәліметінше, дү­ние­жүзінде берілетін параның жыл сайын­ғы көлемі 1 трлн долларға жуық­тайды екен, 1 триллион дол­лар! Ал осы жемқорлық қыл­мысының кесірінен жаһандық эко­номика 2,6 трлн доллар жоғал­тады, бұл – әлемдік ЖІӨ-нің 5%-ы.    width= Сыбайласқан жемқорлықтың сал­дары біздің елге де айтар­лық­тай шығын әкеледі. Сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы іс-қи­мыл агент­тігінің ұлттық баян­дамасында (2016 жылғы) Қазақстан экономикасы жыл сайын жемқорлықтан 3,8 млрд доллар (ЖІӨ-нің 2%-ы) жо­ғал­татыны айтылған болатын. Жалпы, біздің елде жемқорлық қылмысының жүйелі әрі қарқынды түрде жүруіне көлеңкелі бизнестің де үлкен әсері болғанын шамалау қиы­нға соқпайды. 2013 жылдың соңында Transparency International ұйы­мы «соңғы 20 жыл ішінде Қа­зақ­станнан 123 млрд доллардан аса қаржы заңсыз шығарылды» де­ген деректі жариялады. Шетелге заң­сыз жолмен шығарылған қаражат кө­лемі туралы мәлімет әр есепте әртүрлі. Қазақстан – сыбайлас жемқор­лықпен күресті үздіксіз жүргізіп ке­ле жатқан ел. Бұл тұрғыда ел ішінде жасалып жатқан жұмыс­тар­дан бөлек, халықаралық ұйым­­дармен бірлесе қимылдау жө­­­нінен де үлкен қадамдар жа­салу­да. Мәселен, 2020 жылдың 1 қаң­тарынан бастап еліміз ресми түрде Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына (GRECO) еніп, 50-інші мүше мемлекет атанды. 2019 жылдың 10 желтоқсанынан бас­тап бағынышты қызметкері па­рамен ұсталған жағдайда бас­шы­сы да жеке жауапкершілікке тар­тылатыны жайлы талап күші­не енді. Осы талапқа орай 11 бас­шының ісі бойынша тергеу амал­дары жүріп, жауапкершілікке тар­тылатыны мәлім болды. Оған қоса Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл агенттігінде орта­лық мемлекеттік органдардың бас­шылық құрамы арасында жем­қорлықты анықтайтын ар­найы басқарма құрылғалы жа­тыр. «Агенттік құрылымында ха­лық­аралық тәжірибені ескере оты­рып, жаңа жедел бөлімше – Орталық мемлекеттік орган­дар­дың басшылық құрамы ара­сындағы жемқорлықты анықтау бас­қармасы құрылады. Бұл бас­қар­ма ішкі резервтеріміздің жә­не орта басшылық лауазымды буын­ның қысқартылуы есебінен жа­сақталады», – деп атап өтті Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов. Жемқорлыққа қарсы күресте қатаңдатуды қажет ететін талаптың бірі – жемқорлық үшін сотталған лауа­зымды тұлғаға жазаны қатаң­дату. 2019 жылы қазан айында Сы­­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жем­қор­лық қылмысы үшін сотталған шенеуніктерді шартты түрде мер­зімінен бұрын босатуға тыйым салуды ұсынған. Сондай-ақ агент­тік өкілдері мемлекеттік қыз­меттегі тұлғаның заңсыз баю жағ­дайларына да жауапкершілік енгізу керегін айтуда. Себебі мұндай талап көптеген елде жемқорлыққа қар­сы негізгі индикатордың бірі саналады. Бұл ұсыныстар алда­ғы уақытта қабылданатын заң ж­о­басына енгізілмек.  

 width=    Бауыржан БАЗАР