Карантин мерзімі ұзартылды  
Карантин мерзімі ұзартылды   
Фото: Интернеттен алынды
160
оқылды
Филиппин президенті Родриго Дутерте ел астанасы Манила қаласында карантин мерзімін 15 мамырға дейін ұзартты. Осындай шаралар коронавирус инфекциясы көп тараған басқа аудандарда да қолданылады. Індет жұқтыру қаупі аз аудандарда карантин шаралары алынады. Осылайша, көлік қозғалысы мен сауда қай жерде іске қосылатынын шамалауға да болады. Жұма күні президент Дутерте COVID-19 коронавирусының жаңа штаммына қарсы вакцина ойлап тапқан кез келген филиппиндік азаматқа 50 миллион песо (986 000 АҚШ доллары) көлемінде сыйақы төлейтінін айтты. Ел астанасы Манила – 13 миллион халқы бар және миллиондаған заңсыз көшіп келушілер тұратын қала. ҚазАқпараттың жазуынша, соңғы мәліметтерге сүйенсек, қалада індет жұқтырғандар саны ел бойынша ауруға шалдыққан 6 981 адамның үштен бір бөлігін құраған, 462 өлім оқиғасы тіркелді. Елде коронавирус жұқтырған адамдар саны салыстырмалы түрде көп болмағанына қарамастан, Филиппин елі Қытай мен Италиядан кейін қатаң шектеу шаралары мен үйдегі карантинді енгізген үшінші ел болды. Ел ішінде коронавирус анықталғаннан бері бес күн өткен соң, 12 наурызда Филиппинде көші-қон, сапар, сауда орындарына, сондай-ақ адамдардың жиналуына шектеу енгізілген. Әуе компаниялары да өз қызметін 15 мамырға дейін тоқтатады.