Ұлттық қорда қанша ақша бар?  
Ұлттық қорда қанша ақша бар?   
Фотоиллюстрацияға sputniknews.kz фотосы пайдаланылды
505
оқылды
Қазақстан Ұлттық банкі Ұлттық қордағы активтер туралы мәлімет берді.  «Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 1 сәуірінде Қазақстанда Ұлттық қордағы валюта активінің нарықтағы бағасы – 57,5 миллиард доллар (25,7 триллион теңге)». Жауапты тұлғалар осындай ақпаратты жеткізді. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордағы ақшаны тек қиын жағдайларда ғана жұмсау керегін айтқан болатын. «Біз Ұлттық қорға біраз қаражат жинадық. Сол қаражат қазір елді дағдарыстан құтқарып отыр және бірінші рет емес. Дегенмен оның да шегі бар. Қаржыны үнемдеп, қиын жағдай орнағанда жұмсауымыз керек», – деген еді Тұңғыш Президент. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы әлеуметтік-экономикалық даму барысында бірегей тәсілдерді қолданудың маңызына тоқталып өтті. «Ең алдымен дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру керек. Халық пен бизнесті дер кезінде қолдау үшін әрбір теңгенің мақсатты жұмсалуын бақылауда ұстау маңызды. Қазір дағдарыстан кейінгі дамуды жүзеге асыру және экономиканы қалпына келтіру бағдарламасын іске қосу керек. Базалық салалардың, экономиканың, қалалар мен ауылдардың, әлеуметтік саланың және қаржы жүйесінің даму бағытын анықтау керек», – деді Н.Назарбаев.