Өнер өлкесінде шектеу жоқ
Өнер өлкесінде шектеу жоқ
174
оқылды
Әлемдік пандемияға бай­на­лысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлы­ғы­мен бірқатар мемлекеттік ма­­ңызы бар шаралар тоқта­тыл­ғаны белгілі. Биылғы ай­ту­лы даталарды өңірлерде онлайн форматта атап өту кең көрініс табуда. Жамбыл облы­сы­ның әкімі Бердібек Сапар­баев та бүгінгідей қиын ке­зең­де бұқараны барынша жі­гер­лендіру мақсатында ша­ра­­лардың онлайн түрінде өтуін тапсырған болатын. Осы­ған орай жауапты сала ма­­­­манда­ры карантинде көп­ші­ліктің кө­­ңілін көтеріп, мере­ке­лік кө­­ңіл күй сыйлауға ба­рын салу­да. Облыс әкімдігі Мәдениет, архив­тер және құжаттама басқар­масының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаевтың айтуынша, мекеме тарапынан төтенше жағдай кезін­де атқарылып жатқан жұмыстар аз емес екен. – Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 16 наурызынан бастап көп­шілік іс-шаралар тоқтаты­лып, басқармаға қарасты мәде­ниет, өнер және архив меке­ме­­лері онлайн режимде жұмыс істеу­ге көшті. Алайда бұл сақтық шарасы еліміздегі айтулы күн­дерге арналған шараларды өткі­зуге тосқауыл болып отырған жоқ. Мәселен, бүгінге дейін әлеу­меттік желілерде 544 онлайн түріндегі шаралар өткізілді. Оның ішінде онлайн шығармашылық жұмыстар – 28 болса, онлайн кон­церттер – 79, онлайн кітап­ха­­на – 3, онлайн айтыс – 4, он­лайн экскурсиялар – 19, вир­­­туал­ды тур мен көрмелер – 26, челлендждер – 80, әдеби оқулар – 14, онлайн байқаулар – 28, онлайн спектакльдер – 23, видео-монологтар – 3, онлайн ақ­па­­раттар – 90, әдістемелік кө­­мек көрсетулер – 3, аудио ер­тегілер – 7, онлайн сабақтар – 3, онлайн форум – 1, акция – 1, онлайн кездесу – 1, онлайн ойын мен викториналық сұрақ­тар – 16, ролик, деректі фильм, видеоай­дар­­лар – 65, құнды жәдігерлер тура­лы онлайн ақпараттар – 12, онлайн үйірме жұмыстары – 27, онлайн библиодайвинг – 1, онлайн бейнеаннотация – 3, он­лайн аудиокітап – 1, онлайн мо­ниторинг жұмыстары – 5 және онлайн коучингтен 1 ша­ра ұйымдастырылды. Аталған он­лайн форматтағы шараларды бар­лығы 357 088 көрермен тама­ша­лап, оң пікірлерін білдірді. Өнер – мәдениеттің алтын қазы­насы. Сондықтан көрермен қауым өнер туындыларын та­ма­­шалап, ләззат алуы үшін біз өнер ұжымдарының репер­туа­­­рындағы таңдаулы деген шы­­­ғармаларын онлайн фор­мат­қа шығарып келеміз. Атап айт­сақ, Ә.Әб­дікерімов, О.Аза­ма­това, М.Са­ғынбекова, Г.Тинаси­лова, Ж.Омаров және тағы басқа бір­қа­тар әншілердің жеке кон­церт­тері YouTube канал­да­рына тір­келді. Жамбыл облыстық фила­рмониясы «Бір әннің тари­хы»,«Бір күйдің тарихы», «Бірге би­­лейік!», «Менің репертуа­рым­­дағы бір ән», «Бірге акро­ба­­тикалық жаттығулар жаса­йық!»челлендждерін бастап,«Өз елім»,«Келіндер келбеті» кон­курс­тарын ұйымдастырды. Бұдан бөлек, басқарма 26 сәуір­ден бастап «Жеңістің жаңғы­рығы» атты байқау өткізбек. Ал облыстық қазақ және орыс драма театрлары карантин кезінде 23 қойылымын әлеуметтік желілер арқылы көрерменге жолдаған. Оның ішінде Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры ересек және жас көрермендер назарына 10-нан аса қойылым ұсынса, орыс драма театры Абай Құнанбайұлы 175 жылдығына орай әлеуметтік желілерге «45 мудрых изречений великого Абая» атты видео жүкте­ген. Ақынның қара сөздерін ҚР мәдениет саласының үздігі, театр артисі Надежда Антимонова және театр әкімшісі Надежда Волкова оқып, көп көрермен жи­наған.Театр қазір Жеңістің 75 жылдығы шеңберінде «Герои былых времен» айдарын жүргізіп, көпшілікке спектакльдер мен әдеби оқулар ұсынуда. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдас­ты­рыл­ған онлайн айтыс көптің кө­ңі­лінен шықты. Бұрын-соң­ды болмаған мұндай жобаны жұрт­­шылық қызыға тамашалап, ақын­дардың өнеріне тәнті болды. Жамбыл облыстық та­ри­хи-өлкетану музейін қазір 3D вир­туалды форматта тама­ша­­­лауға бо­лады. Сонымен қатар әлеу­мет­тік желідегі парақ­ша­ла­рын­да музей экспози­ция­сын­дағы жәдігерлер туралы түсірілген видеороликтер жүктелген. Жеңіс мерекесі қарсаңында «Архивтегі тарих» хэштегімен әлеуметтік же­лілерде соғыс тақырыбында ақп­арат берілуде. – Біз қазіргі қиын жағдай­дан ұйым­шылдықпен шыға алаты­ны­мызды түсініп отырмыз. Сон­­дықтан әр мекеме өзіне мін­­деттел­ген жұмысты жүйелі ат­қар­­са болғаны. Алдағы уақытта Мәде­ниет, архивтер және құжат­та­ма басқармасы тағы 304 онлайн шара өткізуді жоспарлап отыр. Бұл да ел басына келген бір сынақ шығар. Мұндай сын сағатта елдің бірлігі керек. Бірлескен ел кез келген қиындықты жеңіп шы­ғатыны сөзсіз. Тарихқа қара­сақ та халқымыз небір қилы замандарды бастан кешкенін көреміз. Алайда елдің бірлігі, жұмыла күресуі қай кезде де жеңіп шығып отырады. Сабыр керек, тәртіп керек. Бәрі де артта қалады, – дейді басқарма басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев. Бүгінгідей қиын кезеңде ха­лық­қа қандай қолдау да артық етпейді. Ал рухани демеу – бұл сөз жоқ, үлкен қазына.  

 width=

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы