Медициналық маска тегін таратылып жатыр  
Медициналық маска тегін таратылып жатыр   
Фото: Интернеттен алынды
149
оқылды
Елорда әкімдігі қалаға қосымша 5 млн медициналық маска жеткізді. Елордалық емханаларда қатерлі ісік аурулары бар адамдарға, жүкті әйелдер мен 65 жастан асқан қарттарға 300 мың маска тегін таратылды. Елбасының тапсырмасы бойынша «Біз біргеміз» акциясы аясында 40 мың аз қамтылған отбасыға арналған 2 млн маска бөлінді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға 100 мың маска таратылды. Тағы 30 мың маска елорда тұрғындарына берілді.