«Қазақфильмнің» көрерменге тартуы
«Қазақфильмнің» көрерменге тартуы
138
оқылды
Төтенше жағдай жария­лан­­ғалы адам теледидар мен смартфонға толығымен тәуел­ді. Алайда экранда тұшым­­­ды туындыны тамаша­лау қиын-ды. Осыған орай,  отандық  телеарналар  «Қазақ­фильм» қорындағы 223  ұлттық фильм көрерменге ақысыз көрсетіледі. – Мемлекет қаржыландырған фильмді жасаушылар Ұлттық ки­ноны қолдау мемлекеттік орталы­ғының әлеуметтік желілерінде ті­келей эфир циклын іске қосты. Соны­мен қатар күні бүгінге дейін жал­пыға қолжетімді форматта тек республикалық ұйымдардың 160-қа жуық концерті мен қойы­лымы әлеу­меттік желіге жүк­тел­ді. Алдағы уақытта да бұл жоба­лар өз жалғасын табады. «Қазақфильм» киностудиясы  ресми YouTube арнасына «Алтын кино қор» жобасымен 1938-2002 жылдарға дейін түсірілген 60-тан астам фильмді жүктеді. Бүгінгі күні осы YouTube арнасындағы көрермен саны 10 миллионнан асқанын айта кету керек, – деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да online режимде өткен баспасөз мәслихатында. Министр сонымен қатар әр демалыс күндері КТК телеарнасының «Домашний сеанс» киномарафоны аясында 15 жыл ішінде түсірілген үздік қазақстандық картиналар 24 мамырға дейін көрсетілетінін жеткізді. «Бұдан басқа, министрліктің бастамасымен «Қазақфильм» АҚ қорындағы 223 ұлттық фильм Хабар, Qazaqstan, Еларна, Kazakh TV, КТК, Жетісу телеарналарына ақысыз негізде беріліп отыр», – деді ол.  

А.АЙДАРҚЫЗЫ