Ғылым комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Ғылым комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
215
оқылды
Қазақстан БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болып Болат  Кеңесов тағайындалды. Осыған дейін ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық талдау және зерттеу орталығының директоры қазметін атқарған. Комитет төрағасының жаңа орынбасары – Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Болат Нұрланұлы 2007 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады, оған 2012 жылы қауымдастырылған профессор (доцент), ал 2017 жылы профессор ғылыми атағы берілді. Wageningen University (Нидерланд), Iowa State University (АҚШ), University of Barcelona (Испания) және Gdansk University of Technology (Польша) сынды шетелдік жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өткен. Болат Кеңесов – 100-ден астам ғылыми жұмыстың авторы, соның ішінде беделді халықаралық ғылыми журналдарда 26 мақаласы жарық көрген. Олардың 13-і бірінші квартиль қатарындағы беделді басылымдарда жарияланған. Хирш индексі бойынша көрсеткіштері – 11 (Web of Science) және 13 (Scopus). Болат Нұрланұлының жетекшілігімен 1 кандидаттық және 5 PhD диссертациялары қорғалды. Ол – Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты (2014 ж.),  Қазақстан БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) белді мүшесі.