Инвестициялық жоба жайы баяндалды
Инвестициялық жоба жайы баяндалды
5,232
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз» ҰК» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шысына ұлттық компанияның биылғы 4 айдың ішінде атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ірі ин­вестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ компанияның IPO-ға дайындығы жөнінде баяндал­ды.

Қазақстан Президенті басталған жобаның бәрін мерзімінде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы корпоративтік басқару ісін дамыту, ұлттық компанияға білікті жас мамандарды тарту қажетін айтты.


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕДІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады.

Қазақстан Президентіне әдебиеттің қазіргі жағдайы мен дамуы, Жазушылар одағының атқарған жұмыстары және алдағы жоспары жөнінде мәлімет берілді.

Сонымен қатар Жазушылар ода­ғының төрағасы Ұлықбек Есдәулет биыл елімізде өтетін Азия елдері қалам­гер­лерінің форумына дайындық мәсе­лесі жайлы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық ру­хани әлеуетті ілгерілету ісінде ақын-жа­зу­шылар қауымы маңызды рөл атқара­тынын атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы Жазу­шылар одағының жұмысына жоғары баға беріп, қаламгерлерге шығарма­шылық табыс тіледі.