Шымкентте коронавирустан емделіп шыққан төрт науқастың үшеуі бір отбасының мүшелері
Шымкентте коронавирустан емделіп шыққан төрт науқастың үшеуі бір отбасының мүшелері
Фото ашық дереккөзден алынды
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша сауығып шыққан азаматтың үшеуі бір отбасының мүшелері. Дәрігерлер  бұл отбасы мүшелерінің 4-ші сәуір күні  инфекция жұқтырып  алғанын анықтаған болатын. Үш аптаға жуық медициналық бақылауда болған науқастардың жағдайы жақсы, дейді мамандар. Сондай-ақ тағы бір Шымкент қаласының 56  жастағы тұрғыны дертінен сауығып шықты. Бұл науқастан короновирус 8-сәуірде анықталған болатын. Төрт азамат та вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық крусын алып, емдеу терапиясынан кейін жазылып шыққан. Олар бүгін  ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 22 науқас дертінен айықты.

Н. Назарбек.