Ұлы Отан соғысы барысында кіші лейтенант Аманша Меңдіғалиев СУ-76 батареинің командирі де болды. СУ-76 – Кутузов полкіне қарасты барлау бөлімшесі. Ол осы бөлімшеде кіші лейтенант еді. [caption id="attachment_38937" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]
Манша Меңдіғалиев жау танкілері 80,1 метрлік биіктіктен шабуыл жасаса да тойтарыс беріп, олардың басып кіреуіне жол бермеді. Тең емес шайқаста олар жаудың 2 жүретін зеңбірегін, 4 танкіні, 1 бронетранспортер және жаяу әскер взводын жайратып салды. [caption id="attachment_38938" align="alignright" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]1945 жылдың 18 сәуірде Манша Меңдіғалиев Барлау тобымен Янсфельд ауылына бірінші болып басып кірген. Жаудың 3 сарбазын қолға түсірген. Олардан ертеңгі шайқас жайында ақпарат алу үшін барлау орталығына апарған. Сөйтіп, Мюнхенберг қаласын басып кірерде барлау тобының командирі жараланады. Ол өз басшылығын кіші лейтенатқа тапсырады.
Сасқан жау 6 қаруын тастап қашқан. Сол уақыта немістің тағы екі тағы зеңбіректі жарып жіберді. Шайқаста жаралы болса да ротаны басқара отырып, ұрыста шегінген емес. Қацтпас қайсардлығы үшін Қызыл ту медалімен марапатталды.Сонда да жау Берлиннің шығыс жиегін көптеген қару-жарақпен толтырып, қарсыласудың үлкен торабына айналды. Біздің әскерлердің алға жылжуы тоқтатылды. Дегенмен қарсыластың дайындығын білу үшін Меңдіғалиев жаудың назарын өзіне аударып, олардың торабына оқ жаудырды. Сөйтіп Меңдіғалиев зеңбірекке отырып, жау қапталынан соғып салады.