Грачевтер отбасы: ғылымға құштарлық – ұрпақ үндестігі
Грачевтер отбасы: ғылымға құштарлық – ұрпақ үндестігі

Отандық ғылымның зоология саласындағы Грачевтердің отбасылық жетістіктері ел аумағынан тыс мемлекеттерге де белгілі. Грачев Владимир (1926-2016 жылдар) – аңызға айналған орнитолог және аң танушы. Оның кіші бауыры Юрий Грачев – қазақстандық жетекші териолог (сүтқоректілерді зерттеуші), ақбөкен бойынша дүниежүзіне белгілі сарапшы. Владимир Грачевтің ұлы Александр Грачев ақбөкен жануарын зерттеуге 30 жылын арнаса, немересі Алексей Грачев – бүгінгі таңда белгілі қар барысын зерттеуімен баршаға белгілі. Ғұмырын ғылымға арнаған танымал отбасының қызметі мен өмірі БҒМ Ғылым комитетіне қарасты Алматы қаласындағы Зоология институтымен және тәуелсіз еліміздің байтақ даласындағы тылсым табиғатпен тығыз байланысты.

ҚАРАПАЙЫМ ҰСТА ЖӘНЕ ОНЫҢ АТАҚТЫ БАЛАЛАРЫ

Ағайынды Грачевтер Горьков (бұ­рынғы Нижегород) облы­сын­да­ғы Лысковск ауданының Владими­ров­ка қыстағында дүниеге келген. Вла­димир – 1926 жылы, ал Юрий – 1939 жылы туған. Отбасында бұл еке­уімен қатар үш қыз қатар тәр­бие­­леніпті. Анасы Клавдия Ива­нов­на сауыншы болса, әкесі Алек­сандр Поликарпович ұжымдық шаруа­шылықтың ұстасы еді. Бас­тауыш мектеп деңгейінде ғана білім алған әкесі қолы қалт еткенде үйін­дегі мол кітап қорындағы шығар­маларды жиі оқитын. Олардың ара­сында географ А.Гумбольдт және философ А.Шопенгауэрдің туындылары бар болатын. Бос уа­қытында жанына үлкен ұлын ертіп, өзен бойынан аң аулауға аттанатын. «Біздің бұл ба­ғытты ұстануымызға арғы атамның өз перзенттерін табиғат аясында ты­нықтыруына баулуы септігін ти­гізгенін білеміз. Ол қоршаған ор­та­ны аялауға үйрету арқылы ұрпағын осы саланың құпия сырын зерттеуге баулыған болатын», – дейді Алексей Грачев.

Грачев Володя мектеп қабыр­ғасында жас натуралистер үйір­ме­сіне қатысты. Ол көбіне құстардың тіршілігіне қызығатын.

Владимир Грачев Екінші дүние­жүзілік соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылмай, бейбіт за­манда білімін одан ары жетілдірген болса, ғылым саласында талай зерт­­теулерімен танылары даусыз еді. Бал­тық жағалауындағы майдан да­ласы мен Псков және Ленинград аумағын жаудан қорғауға қатысып, от пен оқтың ортасында есейген бозбала ауыр жарақатпен госпи­таль­ға түседі. Дәрігерлерден ем алып жатқанда әкесінің ұрыста қаза болғанын естиді. Қанды қырғыннан аман қалған ол соғыс аяқталған соң офицерлер дайындайтын учили­щеде оқып, кеңестік қарулы күш­тердің құрамында қалған. Қазақ­стан­дағы жұмысында орын ауысты­руына байланысты қоныс аударды.

Еліміздегі әскери қызметін Алматыда жалғастырған кезде (1949-1951 жылдар) Арал әскери комиссариатындағы қызметінде құстарды бақылауын тоқтатқан жоқ. Республика орталығында ол орнитолог И.Долгушин, териолог А.Слудский және басқа да зоология ғылымының корифейлерімен та­ныс­ты. Грачев сол танымал азамат­тардың ұсынысымен Абай атын­дағы ҚазПИ-дің сырттай бөліміне оқуға түседі. Қызметпен білімін жетіл­діруді бірге қоса алып жүру қиын болғандықтан, запасқа кету туралы қабылдады. Владимир Гра­чев 1954 жылы ғылыми-зерттеу институтына қарасты қазақстандық бөлімінің Балқаш тірек бекетіне меңгеруші қызметіне қабылданды.

Оған Іле өзенінің маңайын ме­кендейтін ондатр және басқа да жабайы тіршілік иелерінің өңірге жерсінуі мен табиғи өсімін бақылау жауапкершілігі жүктелді. «Ол кез­дері халық шаруашылығы үшін те­рісі бағалы аңдар айрықша ма­ңыз­ға ие еді, – дейді Алексей Гра­чев. – Жұмсақ алтын саналатын бұл құнды аңды кезінде шет мемле­кет­тер дол­лармен бағалауымен бай­ланысты біздің республика кеңестік жүйеде алдыңғы саптан көрінді. Сондықтан бұл іске арнайы маман­дардан құрылған тұтас ауыл тұрғын­дары жұмылдырылды».

 

ЖОҒАЛҒАН ӘЛЕМ

Березовиков Николай есімді алматылық ғалым Грачев Влади­мир­­дің аң танушылық өмірі туралы жа­зылған ғұмырнамалық мақала­сында: «Бұрынғы жайлы тіршіліктің орнын көктем мезгіліндегі өз ке­ме­ріне сыймай жан-жаққа жайылған ағынды су тасуындағы қауіптілік қорқынышы басып, елдімекен тұрғындарынан маза кетті». Жаз­дың күндері кешкісін және түнімен маса шағып маза бермейтін. Адам­дар күз­дің қара суығына дейін қан­с­ор­ғыш жәндіктермен күресіп өте­ді. Құм суырған шаңды топырақ бо­­рауы жиілеп, төңірек құлази бас­та­ған болатын» деп жазған болатын.

Бірақ зерттеушілердің ғылыми жұмыстарын жүргізуге бұл жер таптырмайтын қолайлы орын еді. В.Грачев осы өңірден көптеген тың мәліметтерді жинақтап, кандидат­тығын сәтті қорғап шықты.

Александр есімді ұлы жастайы­нан құстардың тіршілігін байып­тауға және олардың ұясын тауып құпия сырын анықтауда әкесіне көмектесе жүріп, болашақ тағды­рын анықтап алды.

Юрий Александрович бұл ту­ралы былай дейді: «Кіші бауырым­ның қатысы болмаса, менің өмірім басқаша өрбуі мүмкін еді. Ниже­город облысындағы орта мектепті тамамдаған соң менің алдымда ма­мандық таңдау мәселесі тұрды. Керемет қоршаған ортаны қызық­таған 1956 жылғы сапарымның барысында қандай кәсіпті меңгеру қажетін түсіндім. Нәтижесінде, са­налы өмірім Зоология және жа­нуар­ларды зерттейтін институтпен тығыз байланыста өрбіді».

Грачев Юрий – қазіргі кезде қа­зақстандық ірі териолог маман­дар­дың бірегейі. Оның кандидаттық диссертациясы үлпілдек жүнді тиін тұқымдастарының құпиясын ашуға бағытталған-ды.

«Менің әкем жас кезінен атам сияқты құстардың тіршілігіне құмар еді. Ол салалық институттағы алғаш­қы жұмысын орнитология зертханасынан бастады. Юрий Александрович одан кейін сайын даладағы ақбөкендерді зерттеуге кіріскендіктен, териология бөлі­міне ауыстырылды. Отыз жыл бойы барлық өңірді жиі аралағандықтан, қай тұста не барын бес саусағындай жетік білетін. Александр Влади­ми­рович биылғы сәуір айында жетпіс жасқа толса да, бауыры Юриймен бірге Зоология институтындағы қыз­метін жалғастыру үстінде», – дейді Алексей Грачев.

ҚАР БАРЫСЫНЫҢ ІЗІМЕН

Алексей Грачев отыз жаста. БҒМ Ғылым комитетінің қара­ма­ғындағы Зоология институтының териология бөлімінің жетекшісі. Ол – бірге өскен бес перзенттің отбасынан шыққан биолог маман. Он екі жастан асқанда кәсіби ба­ғыттағы жеңіл атлетикамен айна­лы­сып, халықаралық жарыстарда негізгі жүлделерді иеленген соң, біраз уақыт билогия маманды­­ғындағы қызметтік өрлеу мен спорт­тық бапкерліктің арасында таңдау жасай алмай жүрді. Алек­сейдің дала ісін­дегі тағылымды тә­жірибесі мен фи­­­зикалық тұр­ғы­дағы жақсы да­йын­­дығы кейіннен атқарылған қы­руар шаруасына зор пайдасын тигізді.

– Оқытушы зерттеушінің жұ­мы­сы кеңселік қызмет емес, – дейді ол әңгімесінде. – Әсіресе, бұл кең да­ланы мекендейтін жабайы жа­нуар­лар мен жыртқыш аңдарға бай­ла­нысты болса. Олардың басқан ізіне түсіп, тұмса табиғатпен тіл­десуің қажет. Тау барысын көрудің қиын­дығы тіптен бөлек. Олар кө­біне қыс кезінде жорыққа шығады. Қалың қарды омбылап, күн ұзақ демалмай жүру шыдамдылықты талап етеді. Бір тәуліктегі жүру ұзақтығы кейде 19 шақырымды құ­райды. Сондық­тан арнайы экспе­диция құрамына бұрынғы спорт­шылар мен альпи­нист мамандар қабылданады.

Қазақстанның тәуелсіздік тари­хында алғаш рет қар барысын ғы­лыми бағытта арнайы зерттеу жұ­мыстары осыдан жеті жыл бұрын басталыпты. Юрий Грачев бұл іске пайдасын тигізетін Алексейді де тартқанын атап айтты.

«Юрий Александрович – менің тәлімгерім. Жасы жетпіске таяса да, жүрісі ширақ, біліктілігі жоғары және түйгені көп ол мені өзімен бір­ге ертіп жүрген сәттерінде көп нәр­сені түсіндіріп, көрсеткені ұмы­тылмақ емес. Бауырым қазіргі кезде де сапардан қалмайды. Сексеннің сеңгіріне көтерілсе де, денсаулығы мығым. Біз кез келген адам бара ал­майтын асуларды бағындырып, қар барысын фотоға түсірдік. Нәти­жесінде, ғылыми тұрғыдан зерт­теуге мүмкіндіктер ашылды. Осы арқылы олардың болжамды санын есепте­генде сирек кездесетін тау тағы­сының қатар азайғанын анық­тадық. Өткен ғасырдың сексенінші жыл­дары ресми құжаттарда екі жүзге жуық екендігі жазылса, бү­гінгі күнде небәрі 150-ге жетпейді. Бұл қолдан жасалған қиянаттың әсері емес. Олардың табиғи көбе­юіне экологиялық жүйенің бұзылуы мен еркін дамитын аумағының ­та­ры­­луына қоса азықтану қорегі­нің тап­­шылығы ықпал ете бас­та­ған», – дейді Алексей.

2018 жылдан бастап териология бөлімінің жауапты жұмысы мем­лекет тарапынан қаржылан­ды­ры­латын жобаға сай жүргізілуде. Яғни, сирек кездесетін және шаруашылық маңызы бар жабайы жануалардың зерттелуі нақты қолға алынған.

«Бұл бағыттағы шаралардың мәні мен маңызы ерекше. Өйткені тұрғындар саны көбейіп, туристік нысандар мен жол құрылыстары жаңадан салынуда. Тынығатын демалыс орындарының шеңбері кеңейіп келеді. Қорғауға алынған немесе ұлттық мәртебесі бар қо­рық­тардан адамдардың әсерін сезінбеу мүмкін емес. Тау бөктерінің эко­ло­гиялық жүйесін мекендеуші аң­дар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз етпе­йінше дамытуға болмайды. Алай­да олардың тіршілік ететін және көбейетін аумағы біртіндеп тарылып барады», – дейді Алексей Грачев.

Грачев Алексей мен ғалым әріп­тестерінің міндеті – жан-жануарлар әлемінің табиғи заңдылықтарын жан-жақты зерделеу арқылы құзыр­лы орындарға тигізілетін зардапты азайтатындай жолдарды ұсыну.

Демек, баршамызға пайдасы тиетін бұл сұрақтарды шешу ұр­пақ­тар сабақтастығымен жалғасқан және кәсіби ісіне нағыз маман­дар­дың қолынан келетіні анық.

Серік ӘЛІМЖАН