«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» – қазақтың «Бозторғайы» өнердегі інісіне араша түсті  
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» – қазақтың «Бозторғайы» өнердегі інісіне араша түсті   
442
оқылды
Қоңыр дауысымен халқының сүйіктісіне айналған Мейрамбек Бесбаев әнші Ернар Айдардың алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. «Соңғы күндері қазақтың талантты ұлдарының бірі, белгілі әнші Ернар Айдардың маңайында болып жатқан жағдайдан біршама хабардар шығарсыздар. Мен Ернармен хабарласып, мән-жайды анықтап білдім. Өзі сіздерге толық ақпарат берейін десе, телефоны бұғаттаулы, себебі қазір алаяқтарға ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан  мен сіздерге болған жағдайды жеткізгелі отырмын. Бұл жағымсыз жағдайда алданған азаматтармен қатар Ернар бауырымыз да алаяқтардың құрбаны болып отыр. Бүгінгі таңда алаяқтар құрықталды. Қазақта «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген сөз бар. Өнер адамының аңқылдақ ақкөңілдігі кейде осындайда өзін орға жығатыны да бар». Мейрамбек Бесбаев Instagram парақшасында осындай жазба қалдырды. Сонымен бірге барша әріптестеріне жеңіл табысқа құмартпауды ескерткісі келетінін айтты.